02.04.2020, 12:53 4534

Маңғыстау облысының әкімдігі азық-түлік қорын ұлғайтуға қосымша қаржы бөлмек

Азық-түлік қауіпсіздігі облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы Тұрымовтың ұдайы бақылауында.

Алматы.2 сәуір. Kazakhstan Today -Маңғыстау облысының әкімдігі азық-түлік қорын ұлғайтуға қосымша қаржы бөлмек.

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл хабарлады.

Ұнның және нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы "Сауқымбек" ЖШС-гі және "Мұса Нан" ЖШС-не айналымды толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 270.0 млн теңге қаржат берілді. Қазіргі уақытта бидайдың қоры 550 тонна болса, ұнның қоры 355 тонна. Өңірге бидай 1 кг. 96 теңгеден жеткізіліп, тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында ұн өңірдегі нан өндіруші кәсіпкерлерге 1 кг. 126 теңгеден жіберіліп отыр.

Сонымен қатар, облыстық азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссиясымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында қарыз беруге 11 кәсіпкерлік субъектілері анықталып, айналымды толықтыру мақсатында 204.7 млн теңге қаражаты берілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат, өсімдік майы, қант, сары май, ұн, сүт 2,5%, макарон өнімдері, тауық еті, күріш, жұмыртқа,) сатып алу жұмыстары "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүргізуде.

Бүгінгі таңда облыста азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорында 175.3 млн теңге қаражаты бар. Аталған қаражат "Каспий" ӘКК" АҚ-ның есеп шотында. Онымен қоса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түрі бойынша азық-түлік тауарларының қорын жасақтауға жергілікті бюджеттен 683.0 млн теңге қаражат бөлінетін болды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтыну баға индексі жыл басынан бері Маңғыстау облысында - 101,6% құрады. Қалалар мен аудандар әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағаларына және қорларына күнделікті мониторинг жүргізіп отыр. Азық-түлік тауарларының қоры күнделікті толықтырылып отыр және жеткізілуімен ешқандай кедергілер жоқ.

Өңірде азық-түлік тауарларының бір айлық қоры бар, ал ұнның қоры 4 айға жетеді. Мысалы: картофельдің 2,5 мың тоннасы, сәбіздің 800 тоннасы, жуаның 1,2 мың тоннасы, капустаның - 700 тоннасы, ұнның - 2,1 мың тоннасы, күріштің 300 тоннасы, қанттың - 300 тоннасы, макарон өнімдерінің - 120 тоннмо асы, еттің 1,0 мың тоннасы және т.с.с. өнімдерінің жеткілікті қоры бар",- деді МО кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Көбеген Мұқанбетжан.

Азық-түлік қауіпсіздігі облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлы Тұрымовтың ұдайы бақылауында.

Сонымен қатар, аймақты сүт, нан, макарон және кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етіп отырған "Берекет Ф" ЖШС-нің де 1 айлық қоры бар. Құрылғанына 23 жыл болған өндіріс ошағында сүт, макарон, кондитерлік өнімдер өндіріліп, нан, тоқаштың бірнеше түрі пісіріледі. Төтенше жағдай кезінде сұраныстың артуына орай, кәсіпорын жұмысын кеңейте түсті. Қаймақтың 12 түрі шығарыла бастады.

-Біздің өнімдерге деген қажеттілік 3 есеге дейін артса да, Маңғыстау халқын сүтпен, макарон және нан өнімдерімен қамтамасыз етуге, қажетті шикізатымыз 2 айға дейін жетеді. Біз тәулігіне 15 тоннаға дейін сүт өнімдерін, 3 тонна макарон және 5 тоннаға дейін нан мен тоқаш өндіреміз. Біздің күніне 25 тоннаға дейін нан пісіретін мүмкіндігіміз бар. Бірақ қазір 10 тоннадай ұн өнімдерін шығарып жатырмыз,-дейді кәсіпорын басшысы Зарета Фаталиева.

Кәсіпорын қазір аймақта карантинде жатқан азаматтарды үш мезгіл тамақпен қамтып жатыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны