17.09.2019, 17:58 17113

Маңғыстау облысының жатақханалары бақылауда

Нұр-Сұлтан. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздегі оқу орындарында орын алып отырған заңсыздықтарға назар аударған болатын.

Осы орайда, ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерінің, Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің, бұқаралық ақпарат құралдары мен "Жас Отан" жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен облыстың жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жатақханаларына орналастыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ол жерде бөгде адамдардың тұруын болдырмау мақсатында мониторинг жүргізілуде.

Әзір топ өкілдері Ш. Есенов атындағы мемлекеттік техникалық және инжинирингуниверситетінің №1, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің және "Гусейнов" жеке кәсіпкерге тиесілі жатақханаларда болып, ол жерде орын алған жағдайлармен танысты.

Анықталғаны, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақханасы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін а.ж. 1 маусымынан бастап жабылған екен, ал осы колледж студенттерінің шағын бір бөлігі (16 кісі) "Гусейнов" жеке кәсіпкердің иелігіндегі жатақханаға 3 есе артық төлеммен қаражат төлеп амалсыз жатуда. Айта кетер жәйт, аталмыш колледжде барлығы 1265 студент оқиды.

Бұдан бөлек, "Гусейнов" жеке кәсіпкерге қарасты жалпы 180 орындық жатақханада Ақтау қаласындағы барлық 14 колледжден студенттер орналасқан.

Ш. Есенов университетінің өкілдері студенттердің жатақханадан орын алуы олардың тиісті құжаттардыэлектронды түрде тапсырғаннан кейін жүргізілетіні және әрқайсысына 6 шаршы метр орын тиесілі екенін атап өтті.

Жатақханаларды мониторингілеу жұмысы жалғасуда. Бұл іс-шара а.ж. қыркүйек айының соңына дейін жүргізіледі және тиісті шаралар қолданылатын болады.

Жалпы облыс көлемінде 7 студенттер жатақханасы орналасқан, оның үшеуі жоғары оқу орнына, үшеуі арнайы орта білім беретін оқу орындарына және біреуі жоғарыда аталған жеке кәсіпкерге тиесілі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны