Система Orphus

Маңғыстауда мал басы саны 9,3% артты

29.05.2019, 11:22 15742

Маңғыстау. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімі төрағалығмен агроөнеркәсіптің дамуы бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов өз сөзінде "Ауыл шаруашылық секторын дамыту ел үкіметінің алдымызға қойған негізгі тапсырмаларының бірі. Кезінде бабаларымыздың ата кәсібі болған егін және мал шаруашылығын жақсылап қолға алсақ, киелі Маңғыстау жерінде де мүмкіндік мол. Сондықтан бұл саланы дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Өткен жылдан бері өңірдегі 61елді-мекенді түгел аралап, арнайы барудағы басты мақсатым ауылдағы ағайынмен жүздесіп, мәселесін өз ауыздарынан есту және оның шешу жолдарын қарастыру" деді. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Тәжібаевтың мәліметінше, 2017-2018 жылдары облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды орындау барысында 572 шақырым сумен қамту, 786 шақырым газбен қамту және 595,8 км электр желілерінің құрылысы, 71 шақырымға жуық ауылішілік жол салынып пайдалануға берілді (2017-46,6 км, 16 ауыл, 2018-24,2 км, 9 ауыл). Нәтижесінде 5 ауыл немесе осы ауылдардың 60 мыңнан астам тұрғыны сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтылды. Қазіргі таңда ауылдардың электрмен қатылуы - 100%, газбен қатылуы - 99,8%, орталықтандырылған ауыз сумен қатылуы - 69% қамтыды (2018 жылдың басына 64%, халық санына шаққанда - 85%). Ағымдағы жылы жалпы қуаты 418 шақырым болатын су желілері бойынша 20 жобаның құрылысы жүргізілуде. Осы жобаларды іске қосу арқылы жыл соңында ауылдарды ауыз сумен қамту көрсеткішін 75%-ке жеткізу жоспарланды (халық санына шаққанда - 93%). Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл аймақтағы ауыл шаруашылық саласы бойынша баяндады. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша жалпы өнім көлемі - 16,6 млрд тенгені (оның ішінде мал шаруашылығы - 12,9 млрд.тг, егін шаруашылығы - 2,9 млрд.тг) НКИ - 104,4% (нақты көлем индексі) құраған.

Ал, 2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18 млрд теңге нақты индекс көлемі -104,6% құрайды деп жоспарлануда. Соңғы деректерге сәйкес, облыстағы 4 түлік мал басының саны 803 000, құс саны 46000 басқа жетіп, алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9,3% артқан. "Жалпы облыста 2081 шаруа және фермер қожалықтары және 59 000 үй шаруашылықтары тіркелген. Ауыл шаруашылығын дамыту және шаруа қожалықтарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 2018 жылы 233 ауыл шаруашылығы субъектісіне 952,5 млн.теңге мөлшерінде, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 117 ауыл шаруашылығы субъектісіне 1,45 млрд.теңге мөлшерінде, НурКапитал бағдарламасы бойынша 4 ауыл шаруашылығы субъектісіне 76 млн.теңге мөлшерінде микронесие берілді. Сондай-ақ, "МаңғыстауАгроСервис" ЖШС арқылы 32 ауыл шаруашылығы субъектісіне 114,3 млн.теңге мөлшерінде лизингке (тауарлық несие) берілді. Облысымыздың табиғи ерекшелігіне байланысты, егін шаруашылығын дамытудағы негізгі шешім - жылыжай санын арттыру. 2018 жылы өңірдегі жылыжайлардың жалпы көлемі 24 га, ал, 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша 27,4 га құрап отыр. Биыл жалпы жылыжайлар көлемін 31 га (29%) ұлғайта отырып, 2022 жылға қарай бұл көрсеткішті 3 есеге дейін жеткізу жоспарлануда. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 29 кәсіпорын жұмыс істеп тұр" деді, Серік Қалдығұл. Жиын соңында облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне облыстық статистика мекемесімен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс жасап тұрған шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың нақты санын анықтауды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген жер учаскелерінің көлемін нормативке сәйкестендіру шараларын алуды тапсырды. Сонымен қатар өңірдегі агроөнеркәсіпті кешенді түрде дамыту үшін сала мамандарымен бірлесе отырып, ұсыныс әзірлеуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны