12.04.2012, 12:04 3432

Майқұдық құс фабрикасы "БЖК 2020" бағдарламасы арқылы 1,4 млрд теңге субсидия алады

Бұл шара әлеуметтік маңызы жоғары Жобаның борыштық жүгін төмендету мақсатында қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда Қарағанды облысының ірі ауылшаруашылық кәсіпорыны 170 жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Кәсіпорын жылына шамамен 100 млн құс жұмыртқасын өндіреді.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС "Бизнес жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша ҚДБ несиесі арқылы мемлекеттік субсидия алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Қазақстанның Даму банкі" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының субсидиялауға жататын жалпы несие сомасы 1,4 млрд теңгені құрады.

"Майқұдық құс фабрикасы" (Жоба) "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (Банк немесе ҚДБ) бөлген несие бойынша 5-пайыз көлемінде сыйақы мөлшерін субсидиялауға мүмкіндік алды.

Бұл шара әлеуметтік маңызы жоғары Жобаның борыштық жүгін төмендету мақсатында қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда Қарағанды облысының ірі ауылшаруашылық кәсіпорыны 170 жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Кәсіпорын жылына шамамен 100 млн құс жұмыртқасын өндіреді.

Аталған мемлекеттік қолдау құралдары "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының (Бағдарлама) "Кәсіпкерлік секторын сауықтыру" бағыты бойынша қарастырылған.

Бағдараламаның шарттары бойынша, несиенің сыйақы мөлшерінің 5 пайызын үш жыл бойы Бағдарламаның операторы болып табылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" өтейді. ҚДБ мен қарызгер-компания арасында арнайы келісімшартқа 2012 жылдың наурыз айында қол қойылды.

Өз жағынан Банк Жобаны Бағдарламаға енгізу мақсатында несие бойынша сыйақы мөлшерін төмендетіп, икемді төлеу кестесін бекіткен.

Жобаны шикізаттық емес салаларда жұмыс істейтін қарызгер-компанияларға қолдау көрсету мақсатында Бизнестің жол картасына енгізу шарасы Банк көмегімен іске асырылды.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 2001 жылы құрылды. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестиция тарту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны