16.04.2015, 17:32 4630

Мақта өсіруімен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы көктемгі дала жұмыстарына 500 млн. теӊге бөлінді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ мақта өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге "Ырыс" шағын қаржы ұйымына 500 млн. теӊге бөледі

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ мақта өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруге "Ырыс" шағын қаржы ұйымына 500 млн. теӊге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл - Қор мен "Ырыс" ШҚҰ арасындағы төртінші келісім. 2012-2014 жылдар аралығында Қор "Ырыс" ШҚҰ-на жалпы сомасы 1,5 млрд. теӊге үш рет қарыз берді. Шағын қаржы ұйымы бөлінген қаржыны толық игеріп, Қорға уақытылы қайтарды. Жүргізілген жұмыстыӊ арқасында 1 865 адам несие алып, 2012 жылы - 11 665 га, 2013 жылы -11 743 га, 2014 жылы - 11 871 га жерге мақта егілді.

Өткен жылы Қор "Ырыс" шағын қаржы ұйымына несиелеу желісін ашып, 500 млн. теӊге көлемінде 2 транш аударған болатын. Бұл қаржыға 517 түпкі қарыз алушы шағын несие алып, кесте бойынша қарызды толығымен қайтарды.

Шағын несиелер түпкі қарыз алушыларға жанар-жағар май, дән, пестицид, минералды тыӊайтқыш, шаруашылық материалдар мен құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылық техникасыныӊ қосалқы бөлшектері мен толымдаушылар, жұмыс механизмдерін сатып алуға, техника, қоймаларды жалға алу, қызметтерге төлеу, өнімді сақтау және т.б. мақсаттарға беріледі.

Қарыз алушыларға келесі талаптар қойылады: төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша екінші деӊгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен борышкерлігініӊ болмауы, жағымды несиелік тарихы, т.б. Кепілдеме шағын несиеніӊ 100 пайызын қамтуы тиіс.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны