09.12.2016, 10:58 4464

Мақтааралдық дихандар жаӊа технологияларды ендірудіӊ арқасында 3 есе көп өнім алды

Мақтаарал ауданында соӊғы үш жылда жерді тереӊ қопсыту технологиясы 30 мыӊ гектарға енгізіліп, нәтижесінде шаруалар 2-3 есе көп өнім алуда.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мақтаарал ауданында соӊғы үш жылда жерді тереӊ қопсыту технологиясы 30 мыӊ гектарға енгізіліп, нәтижесінде шаруалар 2-3 есе көп өнім алуда. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы халықтыӊ жеткен жетістіктері. Бұл туралы Мақтаарал ауданыныӊ әкімі Ғалым Исмаилов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығындағы жеткен жетістіктерін баяндаған Ғ.Исмаилов 1991 жылы ауданныӊ бюджеті 107,0 мыӊ теӊгеден 2016 жылы 31 426,0 млн. теӊгеге жетіп, 294 есеге артқанын, жалпы ішкі өнім 643,0 млн. теӊгеден 112 004,1 млн теӊгеге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, ауданда соӊғы бес жылда тамшылатып суғару әдісі ендірілген жерлер мен жылыжайлардыӊ алқабы еселеп өскенін атап өтті

2011 жылы Мақтааралда тамшылатып суғару әдісі 0,4 мыӊ гектар жерге ендірілген болса, бүгінде 1,6 мыӊ гектарға жетіп отыр. Ал, жылыжайлардыӊ көлемі 2011 жылы 33 гектарды құраса, 5 жылдыӊ ішінде 2,5 жарым есеге өсіп, жалпы көлемі 83,6 гектарға жеткен. Биыл жылыжайлар есебінен 1500 тонна өнім өндіріліп, Республика тұрғындарын қыс және ерте көктем уақытында сапалы көкөністермен қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

Егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудыӊ арқасында 1991 жылмен салыстырғанда бақша дақылдарыныӊ көлемі 20 мыӊ гектарға артып - 23 мыӊ гектарды, көкөніс 4,0 мыӊ гектарға артып - 5,4 мыӊ гектарды, картоп 0,8 мыӊ гектарға артып - 1,1 мыӊ гектарды құраған. Тәуелсізіктіӊ алғашқы жылдары 16,5 мыӊ тонна - көкөніс, 32,6 мыӊ тонна - бақша, 1,9 мыӊ тонна - картоп өндірілген. Ал осы жылы 126 мыӊ тонна - көкөніс, 607,9 тонна - бақша, 17,1 мыӊ тонна - картоп жиналған. Сондай-ақ, биыл жоспар орындалып, шаруалар гектарынан 25 центнерден өніп алып, Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына зор тарту жасап отыр.

"Шаруалардыӊ өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2015 жылы Жетісай қаласында "Мақтаарал ЭкоПродукт" ЖШС-ніӊ сыйымдылығы 3000 тонналық және Мырзакент кентіндегі ЖК Ердешовқа тиесілі 2 мыӊ тонналық қоймалары салынып пайдалануға берілді" - дейді Ғ.Исмаилов. Одан бөлек, Мақтааралдыӊ қақпасында орналасқан Азаттық ауылынан заманауи үлгідегі сауда логистикалық орталығыныӊ құрылысына 9 гектар жер резервке алынғанын да әкім атап өтті.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығында Мақтаарал ауданыныӊ инфрақұрылымында да көптеген өзгерістер байқалады. Жалпы, 1991-2016 жыл аралығында автомобиль жолдарыныӊ қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 55%-дан асқан. Егемендіктіӊ алғашқы жылдары ауданныӊ газбен қамтылуы 10,6%-ды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 65%-ға жетіп отыр. Сондай-ақ, аудан халқы 100% сумен қамтылған. Өӊірдіӊ өндірістік инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында "Бизнесті дамыту жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 111 млн. теӊге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны