06.10.2016, 15:18 4583

Мақтааралдықтар 110 мыӊ тонна "ақ алтын" жинады

Жиын-терім науқаныныӊ соӊына дейін Мырзашөлде 200 мыӊ тоннадан астам ақ мақта жиналады деп күтілуде.

Шымкент. 6 қазан. Kazakhstan Today - Мырзашөлдік шаруалар мақта қырманын "ақ алтынға" толтырып жатыр. Мақтаны қыркүйек айынан бастап тере бастаған қожалықтар бүгінге дейін 53 мыӊ гектар мақталықтан 110 мыӊ тонна шитті мақта жинап үлгерді. Оныӊ 44 мыӊ тоннаға жуығы қолмен терілсе, 66 мыӊ тоннадан астамы арнайы техникамен жиналған, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Түсімділік те көӊіл көншітеді. Ир гектардан болжамдық шамамен 24,1 центнерден "ақ алтын" алынуда. Бүгінге дейін жалпы мақталық алқаптарыныӊ 64 пайызын жинаған мақташылар бірінші терімді аяқтап, екінші терімге көшуде. Ол үшін аудан көлемінде 297 дана түрлі комбайндар мен 10 мыӊнан астам адам мақта терім науқанына қатысуда.

"Мақтаныӊ бағасы биыл жаман емес. Келісін 155-160 теӊгеден өткізіп жатырмыз. Өнімділігі де жылдағыдан айтарлықтай жоғары. Құдайға шүкір, биыл бір байып қалатын болдық", - дейді шаруа Алдан Сәрсенбаев.

Айта кетейік, биыл мақтаралдық шаруалар мақта алқаптарыныӊ көлемін жылдағымен салыстырғанда 6 мыӊ гектарға арттырып, 83 мыӊ гектар жерге мақта шитін екті. Жиын-терім науқаныныӊ соӊына дейін Мырзашөлде 200 мыӊ тоннадан астам ақ мақта жиналады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны