25.07.2008, 19:27 3327

Малайзия компаниясы Өзбекстандағы көміртегі кеніштеріне барлау жүргізбек

Малайзия компаниясы Өзбекстандағы көміртегі кеніштеріне барлау жүргізбек

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Өзбекмұнайгаз" ұлттық холдинг компаниясы мен Малайзияның Petronas Carigali Overseas компаниясының арасында Өзбекстанның Сурхандария өңірінің Сурхан инвестициялық блогы бойынша жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу жөнінде келісім жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Uzbekistan Today (UT) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

UT ақпаратына сүйенсек, "Өзбекмұнайгаз" ұлттық холдинг компаниясы мен Малайзияның Petronas Carigali Overseas компаниясы, сондай-ақ, Сурхандария өңірінің Байсын инвестициялық блогын бірлесе зерттеу жөніндегі келісімге қол қойды. Оны орындау аясында қазіргі таңда 2D және 3D алқапты сейсмикалық барлау жұмыстары аяқталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны