02.02.2017, 16:41 4930

Малайзиялық сарапшылар халал индустриясы саласында диагностикалық миссия өткізді

Малайзиялық сарапшылар халал индустриясы саласында диагностикалық миссия өткізді, - деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Малайзиялық сарапшылар халал индустриясы саласында диагностикалық миссия өткізді, - деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетініӊ бастамасы бойынша Ислам даму банкі және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) бірлесе жүзеге асырып жатқан "Reverse linkage" (Кері байланыс) жобасы аясында 2017 жылғы 25 қантарда Қазақстанға Халал индустриясы саласында малайзиялық органдардыӊ өкілдері келді.

Халал саласындағы халықаралық сарапшылар елімізде аталған саланы дамыту бойынша диагностикалық миссия өткізу мақсатында келді. Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасыныӊ мүдделі мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері (ауыл шаруашылығы министрлігі, дін істері және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитеттері) және басқа да ұйымдар тартылды.

Талқылау барысында JAKIM өкілдері (Малайзия Премьер-министрі Икімшілігіндегі Ислам істері бойынша Малайзия департаменті), Standards Malaysia стандарттау бойынша органы және Малайзия ғылыми-зерттеу институты Mardi Holdings қатысушыларды Халал индустрия саласындағы малайзиялық органдардыӊ қызметімен таныстырды.

Сондай-ақ, жоба аясында малайзиялық сарапшылар Астанада тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорында болды.

Нәтижесінде, малайзия сарапшылары үш негізгі компонентті есепке ала отырып, сапалы инфрақұрылым құрауды ұсынды. Мысалы, стандарттар әзірлеу, халал өнімдерін тану мен сертификаттау мәселелерін реттеу және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау; экспорт мүмкіндіктерін кеӊейту мақсатында мүдделі кәсіпорындарды тарту.

Малайзиялық сарапшылар диагностикалық миссия қорытындысы бойынша Қазақстанда халал индустрияны кезеӊ-кезеӊімен құру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны