10.04.2008, 15:38 3290

Мамандар Оңтүстік Қазақстанда мақта алқаптарының үштен бір бөлігін қысқартуды ұсынып отыр

Мамандар Оңтүстік Қазақстанда мақта алқаптарының үштен бір бөлігін қысқартуды ұсынып отыр

Шымкент. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстанның мақта өсірушілері биылғы жылы су тапшылығынан мақтаның орнына ылғалды көп қажет етпейтін дақылдарды егулері керек деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

А. Рябцев мәлімдегеніндей Қазақстанда су тапшылығы кезеңдері басталуда."Бұл жылы су тапшы болады, алдағы жылы да сондай жағдай болуы ықтимал. Өйткені, су мол болатын жылдар мен су тапшы болатын кезеңдер болады. 2002-2007 жылдары біздер үшін қолайлы болып жазғы маусымдарды ойдағыдай өткізіп, Оңтүстік Қазақстанның ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз еттік ", - деді ол.

А. Рябцевтың айтуынша биылғы жыл аса ауыр болады. "Биылғы жылы су мүлдем тапшы болады, өйткені сіздер білесіздер, Тоқтағұлда су жоқ. Онда 6,5 млрд текше метр су қалды. Яғни, бүгінгі күні біздер оңтүстік алқаптарды сумен қамтамасыз етудің күрделі мәселесі алдында тұрмыз ", - деп атап өтті су ресурстары комитетінің төрағасы.

"Мен арнайы келіп бүгін Мақтааралдағы шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, жағдайдың мән жайын түсіндіремін. Біз оларды өткен жылдың күзінен бастап бір дақылды ғана себе бермей, ылғалды көп қажет етпейтін дақылдарға көшу керектігін айтып, алдын ала ескерткенбіз", - деп хабарлады А. Рябцев.

Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың оңтүстігіндегі алқаптардың 85 пайызы мақтаның үлесінде болса, қалғаны егіндік жерлер. "Кейбір шаруашылықтарда ешқандай егіндіктер жоқ. Сондықтан олардың суға деген сұранысы мелиоративтік жүйенің мүмкіндіктерінен асып түсуде", -деп ақпарат берді А. Рябцев.

Ауыл шаруашылық министрлігінің мамандары шаруаларға мақта алқаптарын қысқартуды ұсынып отырды. "Мысалы, жыл сайын Мақтаарал ауданында 122 мың гектарға мақта егілсе, биылғы жылы оның 85 мың гектарын ғана пайдалануды ұсынып отырмыз", -деді су ресурстары комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны