06.08.2009, 18:33 3089

Мамандар оңтүстік қазақстандық дихандарға солтүстік облыстардағы егін орағының нәтижесі анықталғанша астықты сатпауға кеңес беруде

Мамандар оңтүстік қазақстандық дихандарға солтүстік облыстардағы егін орағының нәтижесі анықталғанша астықты сатпауға кеңес беруде

Шымкент. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Мамандар оңтүстік қазақстандық дихандарға астық сатуды солтүстік облыстардағы егін орағының нәтижесі анықталғанша күте тұруге кеңес беруде. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен егіншілерге орып алған бидайын қазір сатпауға кеңес беріп жатырмын. Солтүстік облыстардағы егін орағының нәтижесі белгілі болмайынша сатпай қоя тұру керек", - деді Қ. Оспанбеков.

Бұл нұсқау қазір түсімді сатып алу бағасының төмендігіне байланысты: егер бұрын бидайдың бір келісінің бағасы 22 - 25 теңге болса, қазір оның құны 16 теңгеге дейін құлдыраған.

"Облыста жылына 212 мың тонна ұнға сұраныс бар. Бидайға шаға есептегенде бұл 320 - 330 мың тоннаға тең. Биыл біз фуражды қоспағанда 220 - 230 мың тонна азықтық бидай орамыз, ал жетіспейтін 100 мың тоннаны солтүстік облыстардын сатып алуға тиіспіз", - деді Қ. Оспанбеков.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында егін бітік шықты. Егер былтыр бір гектардан 8 - 9 центнер бидай орылса, биыл - бір гектардан 22 - 25 центнер түсім алынды. Ал жекелеген шаруашылықтарда суғармалы жерлерден бір гектардан 40 центнерге дейін түсім жиналған.

Биыл жалпы облыс бойынша егістік алаңы 171 мың гектар болса, оның 126 мың гектарынан бидай орылып бітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны