27.04.2006, 18:19 2728

Мамыр айында Бакуде Изербайжан мен Қазақстан біріккен астық терминалының іргетасы қаланады

БАКУ. 27-сәуір. Kazakhstan Today. Астық терминалының іргетасын қалау рәсімі республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың 5-мамырға белгіленген Изербайжан Республикасына ресми сапарының аясында өткізілмек. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі Изербайжанның министрлер кабинетіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Терминалмен жыл сайын 500 мың тонна астық айналады деп күтілуде. Бұл оны тек Қазақстанның астығын Изербайжанға тасымалдау мақсатында ғана емес, сонымен бірге транзитті тасымалдау мақсатында да пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" АҚ мен Изербайжанның бір компаниясы бірлескен кәсіпорын құрылды",- деп хабарлады үкіметтегі ақпарат көзі.

Терминал құны 10-20 млн. долларға бағаланып отыр.

Изербайжан жылына 3 млн. тонна астық тұтынады. Оның 1 млн. тоннасы импортталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны