03.06.2014, 20:11 3138

Мамыр айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 800 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 2,8%-ға, 2013 жылғы мамырмен салыстырғанда - 8,3%-ға өсті.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 2,8%-ға, 2013 жылғы мамырмен салыстырғанда - 8,3%-ға өсті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,8%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,1%, жемістер мен көкөністерді - 12,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,1%-ды құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны