20.06.2008, 14:02 2933

Мамырда электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифіне көшкен 26 тұтынушы 3 млн астам теңге үнемдеді - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Мамырда электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифіне көшкен 26 тұтынушы 3 млн астам теңге үнемдеді - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Алматы. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мамырда электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифіне көшкен 26 тұтынушы 3039 мың теңге үнемдеді. Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаментінің директоры Борис Оленев брифингте журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифіне көшу арқасында бірінші айда 3 млн 39 мың теңгенің экономикалық тиімділігіне қол жеткізілді. Мамырда әртүрлі тарифке 26 жеке тұтынушы мен 3 заңды тұлға көшті", -деді Б. Оленев.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаментінің директорының орынбасары Дәурен Жандарбектің түсіндіруінше, "заңды тұлғалардың үнемдеген қаржысы 9%, ал жай тұтнушылар 24% қаржы үнемдеді".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы мен Алматы облысында 2008 жылдың 1 мамырынан бастап электр қуатының тәулік аясында айыра есептелген тарифі енгізілді.

Электр қуатының төлемін түрлі тарифпен төлеу үшін Энергосбыт мекемесінің аудандық бөлімдерінде арыз жазу керек.

Жеке тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы 7.00 мен 23.00 аралығында қолданылып, 1 кВт-сағ үшін 10,24 теңгені құрайды. Ал түнгі ставка ( 23.00 мен 7.00 аралығы) 1 кВт-сағ үшін 13% ҚҚС қоса есептегенде 2,22 теңге болмақ.

Заңды тұлғалар үшін күндізгі тариф ставкасы (7.00 мен 19.00 аралығында) 1 кВт-сағ үшін 7,10 теңге, электр қуаты ең жоғары деңгейде қолданылатын уақытта (19.00 мен 23.00 аралығында) - 14,64 теңге, түнгі тариф ставкасы (23.00 мен 07.00 аралығында) 13% ҚҚС қоса есептегенде 1 кВт-сағ үшін 1,97 теңге болмақ.

Есепті бұрынғыдай біртұтас тарифпен жүргізуге құлықты адамдар үшін тариф ставкасы бұрынғыдай 1 кВт-сағ үшін 8,02 теңге қалпында қалады (ҚҚС қоса есептегенде).

Түрліше тариф Алматы мен Алматы облысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен енгізіліп отыр. "Түнгі және күндізгі баға ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2003 жылдың 24-қарашасындағы №275-ОД санды бұйрығымен бекітілген тариф ставкасын есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны