01.06.2007, 16:38 2965

Мамырдың аяғында Алматыдағы пәтер бағасы 1,18 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Мамырдың соңғы аптасында Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі (ұсыныс индексінде) 43,18 АҚШ долларына, немесе 1,18 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 3688,77 АҚШ долларын құраған. Жалпы қала бойынша ұсыныс көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 2,65 пайызға көтерілген. Сұраныс көрсеткішісі ұсыныс көрсеткішінен 2,29 пайызға асқан.

Қымбат және арзан пәтерлердің бағасындағы айырмашылық төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,66 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда бәсең.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 5015 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2590 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық азайды. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 1,94 (194 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісіне байланысты.

Болжам. Бағаның өсуінің осы екпінімен қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы маусым айының екінші онкүндігінде 4000 АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші 16 АҚШ долларына, немесе 0,4 пайызға төмендеп, бір шаршы метрі 4116 АҚШ долларын құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны