11.09.2006, 17:00 3907

Маңғыстау облысы әкімшілігі мен Иранның үш солтүстік провинциясы арасында сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

АҚТАУ. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today. Иран Ислам Республикасының үш солтүстік провинциясы - Мазандаран, Гилана және Гулистан делегациясының Маңғыстау облысына ресми сапары аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен провинция өкілдері арасында сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тараптар меморандум аясында өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлік және сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Ғылым,техника , білім, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, туризм, спорт салалаларында серіктестік байланыс орнату көзделуде.

Меморандумда көрсетілгендей, тараптар Горган мен Ақтау арасында әуе байланысын; Имір-абад пен Ақтау арасында теңіз көлігін және Энзели мен Ақтау айлақтары арасында жолаушы тасымалын ұйымдастыру арқылы көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шараларды іске асырмақ. Сондай ақ, Ақтау -Түркменстан шекарасы тас жолдарын жөндеу арқылы автокөліктік байланысын дамыту жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен ҚР Иранның төтенше және өкілетті елшісі Ромин Мехманпараст, инвестиция үшін қолайлы салықтық және кедендік тәртіп орнату туралы Қазақстан мен Иран үкіметтерінің бірлескен келісім жасасқанын атап өтті. Сондай ақ, Ақтауда Иран елшілігінің және Горганда Қазақстан республикасы елшілігі өкілдігін ашу, сонымен қатар Иран мен Қазақстан азаматтарына виза беру тәртібін жеңілдету жоспарда бар.

Меморандумда бірлескен кәсіпорын құруға, келісілген салаларда кәсіпорындар арасындағы екі жақты ынтымақтастықты, оған қоса инвестиция тартуға және оны қорғауға қолдау көрсету туралы айтылған.

Маңғыстау облысының әкімі ирандық іскерлердің аймақта өндіріс кәсіпорындары мен көлік логистика қызметін құруға атсалысады деген сенімін білдірді.

Меморандумды жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды, оның құзыры мен іс-қызметі жуырда анықталады. Меморандум белгісіз мерзімге жасалды.

Кеден департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы суда айналымы $112,9 млн. құрайды, оның ішінде экспорт пен импорт тиісінше $111,6 млн. және $1,1 млн. құрады.

"Біз бұл көрсеткіштерді ұлғайтсақ дейміз. Төрт ай ішіндегі екі елдің сауда айналымы $74,7 млн. құрады",- дейді облыс әкімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоя отырып.

Сондай-ақ , ол екі ел арасындағы ынтымақтастық , әсіресе Иранның жүгі тасымалданатын халықаралық теңіз айлағы қызметімен байланысты болады, деп атап өтті. "Бұл ретте біздің қызығушылығымыз сәйкес келеді. Біз теңіз айлақтары арқылы жүк тасымалын арттыруға дайынбыз",-деді әкім.

Бағдарлама аясында тығыз қарым-қатынас орнату үшін Ақтау мен Горган қалаларына туыстас қалалар мәртебесі берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны