23.07.2018, 23:51 4015

Маӊғыстау облысы Қарақия және Маӊғыстау аудандарыныӊ әкімдерініӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыӊдалды

Есепті қорытындылай келе, облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.

Ақтау. 23 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысы әкімдігінде облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ қатысуымен кеӊес өтті, онда Қарақия және Маӊғыстау аудандарыныӊ әкімдерініӊ 2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыӊдалды.

2018 жылдыӊ бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы Қарақия ауданыныӊ әкімініӊ м.а. Қыдырберді Беков баяндады.

Ауданда негізгі экономикалық макроэкономикалық көрсеткіштердіӊ өсуі байқалады.Өнеркәсіп өнімдерініӊ (үй шаруашылығы секторын есепке алғандағы) ауқымы 2018 жылы қаӊтар - маусым айларына 519,6 млрд. теӊгені құрады. Өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 139,8 млрд. теӊгеге өсті.) Өнеркәсіптік өндірістіӊ индексі - 102,9 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдыӊ қаӊтар - маусым айларында 76 887,0 млн. теӊге. Құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 33,8 млрд. теӊгені құрап, былтырғы жылдыӊ есептік кезеӊімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейіп отыр. Құрылыс жұмыстарыныӊ нақты көлем индексі 3,5 есе артқан. Ауыл шаруашылық өнімініӊ көлемі 2018 жылдыӊ 6 айында 771,2 млн. теӊгені (2017ж 6 айында 536,8 млн. теӊге) құрап, былтырғы жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 101,9 пайызға жетіп отыр.

Бүгінгі күні Қарақия ауданы бойынша 485 шаруа қожалығы тіркелсе, оныӊ 41 егін шаруашылығы. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында өткен жылдыӊ есептік кезеӊімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны - 2724 бас, 31,5% өсті, қой 60784 бас, 4,1% өсті, ешкі 12665 бас, 17,1% өсті, жылқы 13775 бас 19,8% өсті, түйе 11742 бас, 16,8% өсті, құс 3426 бас, 37,1% артты.Қазіргі уақытта ауданда 485 шаруа қожалығы тіркелді, оныӊ 41-і өсімдік шаруашылығымен айналысады. "2018 жылдыӊ қаӊтар-маусым айларында 1500 жаӊа жұмыс орны ашылды. Оныӊ ішінде 1288 тұрақты және 212 уақытша. 2018 жылдыӊ қаӊтарынан маусымына дейін 840 адам жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік қорғау шараларымен толық қамтылған. Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 527 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 55 адам, жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 32 адам, қоғамдық жұмыстарға 125 адам жіберілді"- деді аудан әкімініӊ міндетін атқарушы Қыдырберді Беков.

Маӊғыстау ауданыӊ әкімі Жармағанбет Айтуаров 2018 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында ауданныӊ өнеркәсіп кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімдердіӊ маӊызды түрлерін өндіру бойынша (қиыршық тас карьерлері, "Каспийцемент" ЖШС-ніӊ ұлу тас, қиыршық тас, цемент, бор т,б) а.ж. 6 айында 295,8 млрд.теӊгеніӊ өнімдерін өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі индексі 102,3%, бөлшек сауда көлем индексі 101,7% болғаны туралы баяндады.Айтуаровтыӊ айтуынша, аудандағы ауыл шаруашылығыныӊ негізгі түрі - мал шаруашылығы. Ірі қара мал басыныӊ саны 180 мыӊнан асты, жылқы саны - 41 мыӊ, түйе - 23 мыӊ бас. 6 айда ауыл шаруашылығы өндірісі 1844,9 млн. теӊгені құрады. Ауданкөлемінде 381 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 4 ауылшаруашылығы кооперативі қызмет етеді. Оныӊ ішінде 343 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 1 ауылшаруашылығы кооперативі өӊдеу өнеркәсібімен айналысады. Ауданныӊ ауылшаруашылығыныӊ негізгі бағыты мал шаруашылығы, соныӊ ішінде ет, сүт, жұмыртқа өндіру. 2018 жылдыӊ 6 айында 1569,8 тонна тірілей салмақта ет, 1214,1 тонна сүт, 47,2 мыӊ дана жұмыртқа өндірілді.

"Нұр Капитал" шағын және орта бизнесті қолдаудыӊ аймақтық бағдарламасы шеӊберінде жалпы сомасы 226,5 млн. теӊгеге 9 жоба мақұлданды, бұл 83 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аймақтық үйлестіру кеӊесі мақұлдағаннан кейін, жобалар қаржыландыру үшін банктерге жіберіледі. Жалпы, 1 маусымдағы жағдай бойынша кәсіпкерлер саны 2479 адамды құрады, жыл басынан бері өсім - 2,8%. 25 кәсіпкерге 82,87 млн теӊге несие берілді.

"Ақбұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру барысында 10 ауылдық округ пен 14 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі енгізілді.

2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша орталық сумен қамтамасыз ету 67% құрады. Сондай-ақ, Тұщыбек, Қызан, Шебір, Шайыр, Ұштаған ауылдарынан "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі муниципиалдық (коммуналдық, жалдамалы) тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджеттен 92 590,3 мыӊ теӊге қаржы қаралды"- деді Маӊғыстау ауданыныӊ әкімі Жармағанбет Айтуаров.

Есепті қорытындылай келе, облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны