03.12.2018, 22:17 11293

Маӊғыстау облысы Мұнайлы ауданында бала бақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді

Жыл соӊына дейін Батыр ауылында 4 пәтерлік 1 қабатты 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Ақтау. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысы Мұнайлы ауданында мерейлі мереке қарсаӊында бала бақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаӊа қонысқа кірген 15 жанұяға өӊір басшысы Ералы Тоғжанов пәтер кілтін табыстады.

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы көлемі 13 888 шармы метр құрайтын 4 қабатты 7 тұрғын үй тапсырылды. Бұл жаӊа пәтерлер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардыӊ жұмысшыларына және арнайы санаттағы адамдарға берілді.

Жыл соӊына дейін Батыр ауылында 4 пәтерлік 1 қабатты 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде.

"Құрметті жерлестер, баршаӊызды Тұӊғыш Президент күнімен құттықтаймын. Елбасы өзініӊ жолдауында әлеуметтік маӊызды жобалар жандандыру үшін жеке бизнесті тарту керектігін айтты. Мемлекеттік жекеменшік серіктестігі еліміздіӊ экономикасын жаӊа деӊгейге жетелейтін, кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларға тартатын негізгі жобалардыӊ бірі. Кез келген мемлекеттіӊ басты байлығы ол халқы. Адам өмірі, денсаулығы, адамдардыӊ әлеуметтік қамтамасыз етілуі еліміздіӊ басым бағыттарыныӊ бірі. Сондықтан, Елбасы бекіткен бағдарлама аясында Біздер Мұнайлы ауданыныӊ тұрғындарына жаӊа пәтер кілттерін табыстадық және жаӊа бала бақша ашып бердік"- деді әкім Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Бозжыра ауылында 140 балаға арналған "Жанымай" бала бақшасыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бүгінгі таӊда Мұнайлы ауданы бойынша барлығы 58 бала-бақша (15 мемлекеттік, 43 жекеменшік) бар. Жыл басынан бері 614 орындық құрайтын 9 жекеменшік бала бақша есігін айқара ашып, жыл соӊына дейін 497 орындық 7 жекеменшік балабақша іске қосылмақ. Қазіргі таӊда тізімде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердіӊ саны 330.Жыл соӊына дейін 97,3% балалар бала-бақшаға орналастырылады.

Сондай ақ, облыс басшысы "Мұхамбет"жекеменшік медициналық орталығымен танысты.Бұл орталықтыӊ қазіргі таӊда Басқұдық, Маӊғыстау ауылдарында қосымша жеручаскелерді аукцион арқылы сатып алып, 11 мыӊ халыққа тегін кепілдірілген көмек көрсетуде. Өткен жылы алғашқылардыӊ бірі болып "Нұр капитал" бағдарламасынан 1%-бен 30 млн. теӊге несие алып, жаӊа заман талабына сай медициналық құрылғылар сатып алынды (жылжымалы медициналық кешен машинасы, лор комбайн, узи экспорт класс, флюорографиялық аппарат).Орталықта 27 дәрігер мен 35 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны