21.07.2014, 20:37 3172

Маңғыстау облысы тұрғындарының жұмысқа орналасуы менің қатаң бақылауымда - әкім

Қарақия ауданына барған Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ауыл тұрғындарының жұмысқа орналасуы мен өңірдегі экологиялық ахуалға қызығушылық танытты, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Қарақия ауданына барған Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ауыл тұрғындарының жұмысқа орналасуы мен өңірдегі экологиялық ахуалға қызығушылық танытты, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Обыс әкімі алдымен атбасын Еділ суын тазартатын Жетібай кенорнына бұрды. Мұнда 2010 жылдан бастап Жетібай мен Мұнайшы ауыл халқы санының артуына және жаңа өндіріс ошақтарының ашылуына байланысты тазартылған судың жетіспеушілігі айқын сезіле бастады. Ағымдағы жылы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қосымша 3 су тазарту фильтрін іске қосты. Станция тәулігіне 2300-2400 текше метр суды тазартады. Оның 1200 текше метрі Жетібай мен Мұнайшы ауылының тұрғындарына арналған. Сонымен қатар, алдағы уақытта көлемі 5000 мың текше метр болатын болаттан құйылған су қоймасынның құрылысын жүргізу жоспарлануда, делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Алик Айдарбаев өңірдегі күрделі жөндеу жұмыстары жаңа біткен жылу қазандығының жұмысымен танысып, "Жаңарыс" ЖШС-нің жаңа өндіріс цехының ашылуына қатысты.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Жетібай мен Мұнайшы ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Онда халықтың жұмысқа орналасуы және өңірдің экологилық ахуалы әңгіме арқауына айналды.

"Бірінші кезекте отбасында бірде-бір мүшесі жұмыс істемейтіндер жұмыспен қамтылады. Ал, біліктілігі жоқтар арнайы курстардан өтеді. Баса айтқым келетіні өңір тұрғындарының жұмысқа орналасуы - менің басты мақсатым", - деп әкім түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны