03.08.2006, 14:35 2911

Маңғыстау облысында 2006 жылдың алғашқы жартысында кәсіпкерлікті дамытуға банктерден 10,5 млрд. теңге несие бөлінді

АҚТАУ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында кәсіпкерлікті дамытуға 10,5 млрд. астам теңгеге несие бөлінді. Бұл жөнінде облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Банктер шағын бизнеске белсенді түрде несие үйлестіруде, үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға 10,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл 2,5 есе көп",-деп мәлімдеді
Қ. Көшербаев. Икімнің айтуынша, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны соңғы жылы 8%-ке өсіп, 20% болды.

Қ.Көшербаевтың сөзіне қарағанда, экономиканың әр саласында шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың жалпы саны 37 мың. "2006 жылдың бірінші жартысында олар 10 млрд. астам теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті",- деп атап өтті Қырымбек Көшербаев. Сондай- ақ , орта және шағын бизнес өкілдерінің өнім өткізу аясын кеңейту мақсатында ірі компаниялармен өнім немесе қызметті сатып алуға тендер ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізілуде, дейді әкім.

Икім сондай-ақ, Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі аймақтық орталығы ашылғанын хабарлады. Қ.Көшербаевтың айтуынша, бұл орталыққа осы айда "Атамекен" кәсіпкерлер одағы, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы , "Маңғыстау" инвестициялық компаниясы" орналастырылады.

Оған қоса, облыс әкімі , аймақтағы барлық қалалар мен аудандарда есеп беру кезеңінде шағын несиелер тарататын 9 ұйым құрылғанын хабарлады.
Облыс бойынша, олардың жалпы саны 13. "Кәсіпкерлікті дамыту шараларының жүзеге асуы нәтижесінде жұмыссыздық санын төмендетті. Үстіміздегі жылдың шілде айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,4% болатын. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштен 0,2% төмен",- дейді Қырымбек Көшербаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны