27.07.2018, 18:49 6287

Маӊғыстау облысында 695 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Есепті кезеӊде құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 75 млрд.теӊгені құрады немесе өсім 20% өсім (жыл соӊына дейінгі жоспар 205 млрд.теӊге немесе 106,7%). 28% өсіммен 695 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ақтау. 27 шілде. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында 695 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс экономикасыныӊ дамуына Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы шеӊберінде айқындалған іс-шаралар да оӊ септігін тигізуде.

Бірінші кезекте бұл - құрылыс жұмыстарына қатысты. Есепті кезеӊде құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 75 млрд.теӊгені құрады немесе өсім 20% өсім (жыл соӊына дейінгі жоспар 205 млрд.теӊге немесе 106,7%). 28% өсіммен 695 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018 жылдыӊ жоспары - 916 мыӊ шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру. Қазіргі таӊда облысымызда бір тұрғынныӊ баспанамен қамтылу көрсеткіші 23 шаршы метр (РБ - 21,6 шаршы метр). Бұл туралы Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша Маӊғыстау облысына бір қарыз алушыға несие 25 млн. теӊге көлемінде белгіленді.Өӊірлік экономика өсімін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар орындалысы тұрақты бақылауда."Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы облыста құны 226 млрд.теӊге болатын, 3 мыӊ жұмыс орнын құрумен 18 жоба іске асырылуда.

Бағдарламаныӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі - заманауи транспорттық инфрақұрылымды қалыптастыру. Республиканыӊ және өӊірдіӊ транзиттік әлеуетін дамыту бағытында облыста 2 мыӊға жуық жұмыс орнын құрумен, инвестициялық құны 215 млрд. теӊге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда.

-Ауылішілік жолдарды дамыту жұмыстары әкімдіктіӊ тұрақты бақылауында болады. Ағымдағы жылы жергілікті маӊызы бар жолдарды салуға және жөндеуден өткізуге бюджеттен 8 млрд.теӊге қаржы бөлінді. Бейнеу, Қызан, Приозерный ауылішілік, Ақтау қалаішілік, Каспий энергетикалық ХАБ жолдарыныӊ құрылысы жыл соӊында аяқталады. "Шетпе-Қызан" (Тасмұрын-Мәстек), Баянды, Маӊғыстау-4, Қызылтөбе-2, ХГМЗ жолдарыныӊ құрылысы жалғасады. Ауыл жолдарын жақсартуды кезеӊ-кезеӊімен шешу үшін, жалпы ұзындығы 124 шақырым болатын Бейнеу, Құрық, Шебір, Ақшымырау, Басқұдық, Атамекен ауылішілік, Ақтау, Жаӊаөзен, Форт-Шевченко қалаішілік жолдары құрылысыныӊ жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Сонымен қатар, "Таушық-Шетпе" (70 км), "Ақтау - Форт-Шевченко - Қаламқас кен орны" (66 км), "Шетпе-Үштаған" (54 км), "Тұщықұдық ауылы" (29 км), "Тұщықұдық-Шебір" (13 км) автомобиль жолдарыныӊ орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде, қанағатты жағдайдағы жергілікті маӊыздағы жолдар үлесі 92%, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста құны 19 млрд.теӊгені құрайтын 28 жоба іске асырылуда (бөлінген қаржы - 5,8 млрд.теӊге, оныӊ ішінде РБ - 4,3 млрд.теӊге жоба, жергілікті бюджет - 1,5 млрд.теӊге).

Қазір облыста пайдаланылмай отырған 452 жер учаскесі (26 мыӊ га) бар, оныӊ ішінде мемлекет меншігіне 111 жер учаскесі (21 мыӊ га) қайтарылды.

167 жер учаскесі шағын және орта бизнес субъектілеріне сауда-саттыққа шығарылды. Оныӊ ішінде 105 учаске (36 мыӊ га) аукцион арқылы, 62 учаске (100 мыӊ га) уақытша пайдалану құқығымен сатылды. Нәтижесінде бюджетке 1,7 млрд.теӊге түсті.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Олар: кәріз тазалау станциясы (КОС-2); АҚҚУ-1 тұрғын-үй кешені; Жаӊаөзен қаласындағы жылу-энергетикалықстансасы; үлескерлер мәселесі де толықтай шешімін тапты.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны