11.07.2018, 13:06 5011

Маӊғыстау облысында болашақтыӊ энергиясы қарқынды дамуда

2020 жылдыӊ соӊына дейін облыс бойынша жаӊартылған энергия көздерін пайдалану нысандарын орналастыру жоспарына сәйкес жалпы қуаттылығы 54 МВт құрайтын 3 нысанды пайлануға беру жоспарланған.

Ақтау. 11 шілде. Kazakhstan Today - Биыл 20 жылдық мерейтойын қарсы алған Еліміздіӊ тұғыры - Елордамыз Астана қаласында 2017 жылы еӊ ірі жаӊалықтардыӊ бірі өткен болатын. Ол, әлемнен 5 млн. астам туристерді жинаған халықаралық "EXPO-2017" мамандандырылған көрмесі. Экономиканыӊ дамуына зор серпіліс берген аталған көрмеде Елбасы Н.И. Назарбаев "Жасыл экономиканы" дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтіп, 2050 жылға дейін электроэнергияныӊ жалпы көлемі бойынша жаӊартылатын энергия көздерін (ЖЭК) 50%-ға жеткізуді тапсырды. Сондықтан, Елбасыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Е. Тоғжановтыӊ бастамасымен кешенді жоспар жасақталып, сүбелі жұмыстар атқарылуда.

2020 жылдыӊ соӊына дейін облыс бойынша жаӊартылған энергия көздерін пайдалану нысандарын орналастыру жоспарына сәйкес жалпы қуаттылығы 54 МВт құрайтын 3 нысанды пайлануға беру жоспарланған.

Олар:

1. Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекенінде қуаттылығы 5 МВт жел электр станциясыныӊ құрылысы;

2. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында қуаттылығы 42 МВт жел электр станциясыныӊ құрылысы;

3. Мұнайлы ауданы Батыр елді мекенінде қуаттылығы 7 МВт күн электр станциясыныӊ құрылысы.

Бұл нысандардыӊ ішіндегі Мұнайлы ауданы Батыр елді мекеніндегі күн электр станциясы 2018 жылдыӊ 1 мамыры күні іске қосылды. Жобаныӊ жалпы құны 1,2 млрд. теӊгені құрады. Аталған күн электр станциясына алғаш рет отандық күн панельдері қолданылды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекеніндегі жел электр станциясын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаныӊ жалпы құны 700 млн. теӊгені құрайды.

Сонымен бірге, Маӊғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігініӊ жаӊа механизмге негізделген 2018 жылғы аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес жалпы қуаты 153,27 МВт құрайтын 6 нысанды іске қосу жоспарлануда.

Атап айтсақ:

1. Бейнеу ауданы Бейнеу селосында қуаттылығы 30 МВт жел электр станциясыныӊ құрылысы;

2. Қарақия ауданы Жетібай селосында қуаттылығы 66 МВт жел электр станциясыныӊ құрылысы;

3. Маӊғыстау ауданы Шетпе селосында қуаттылығы 17 МВт күн электр станциясыныӊ құрылысы;

4. Маӊғыстау ауданы Шетпе селосында қуаттылығы 14,8 МВт күн электр станциясыныӊ құрылысы;

5. Маӊғыстау ауданы Жармыш селосында қуаттылығы 13,7 МВт күн электр станциясыныӊ құрылысы;

6. Маӊғыстау ауданы Оӊды селосында қуаттылығы 13,7 МВт күн электр станциясыныӊ құрылысы.

Аталған жобалардыӊ барлығы ел экономикасыныӊ тиімділігі мен үнемділігін өсіріп қана қоймай, қоршаған ортаныӊ ластану деӊгейін күрт төмендететіні сөзсіз. Бастысы жасыл экономикаға бет бұруда атқарылып жатқан бұл істер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбавтыӊ ЭКСПО кезінде айтқан Төртінші өндірістік революция кезеӊіне Қазақстанныӊ нақты мақсат пен міндеттер жүктеп, нық аяқ басқанын айшықтай алады, деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны