21.06.2012, 13:04 3395

Маңғыстау облысында Индустрияландыру күні өтті

Ақтауда Индустрияландыру бағдарламасына қатысушыларға арналған "дөңгелек үстел" отырысы және тренинг өтті.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында Индустрияландыру күні өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтауда Индустрияландыру бағдарламасына қатысушыларға арналған "дөңгелек үстел" отырысы және тренинг өтті.

Оған қоса, жастар үшін ҮИИД бағдарламасының үш нысанына экскурсия жасалды. Қатысушылар "Каспий Битум" бірлескен кәсіпорны" ЖШС-нің битум өндірісі зауытының құрылысымен танысты.

Олар сондай-ақ "РИГ" ЖШС-нің электротехникалық жабдықтар шығаратын зауытында болды.

Және құбыр өндірісі жобасын қолға алып отырған "Ақтауполимер" серіктестігінің жұмысымен танысты.

Индустрияландыру картасының аясында Маңғыстау облысында жалпы сомасы 618 млрд. теңгенің 34 инвестициялық жобасы іске асырылуда. Аталған жобалардың арқасында 45 мыңдай жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 2012 жылы жалпы сомасы 104,5 млрд. теңгенің 12 жобасын іске асыру, 2 488 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Бұған дейін хабарландай, 3 шілде күні Астанада Елбасының қатысумен Индустриялық форум өтеді. Осынау шара аясында "Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз! Жаса, Қазақстан!" атты жалпыұлттық телекөпір және отандық тауар өндірушілердің оның ішінде Индустрияландыру картасының аясында іске қосылған өндірістердің көрмесі өтеді деп жоспарлануда.

Телекөпірдің қарсаңында еліміздің өңірлерінде облыстық көрмелер мен конференциялар, форумдар мен "дөңгелек үстел" отырыстары өткізілуде. 18 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру күні өтсе, 19 маусымда Қызылорда облысында, келесі күні Маңғыстау облысында осындай іс-шара өтіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны