12.02.2007, 17:29 2804

Маңғыстау облысында кедендік төлемдер 2006-жылдың қорытындысы бойынша 95,1%-ке өсті

АҚТАУ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. 2006-жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық бюджетіне 31,9 млрд теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар құйылды, бұл 2005-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 95,1%-ке немесе 15,5 млрд теңге артық.

Департаменттің хабарлауынша, жоспар 29,8 млрд теңге көлемінде 106,8%-ке орындалып, бюджетке қосымша 2 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. Облыстың жалпы салық түсімдері көлемінде (171,3 млрд теңге) кедендік төлемдер мен алым-салықтардың үлесі 18,6% құрайды.

Айлық тапсырмалар мен кедендік төлемдер мен алым-салықтар бойынша тапсырма есепті жыл аясында тұрықты орындалып және асыра орындалып отырды, оған 2006-жылдың 1-қаңтарынан бастап "Agip КCО" консорциумының барлық субмердігерлік компанияларының импорттық Қосалқы құн салығын жалпылама негізде төлей бастауы әсер етті. Бұған дейін субмердігерлік компаниялар импорт кезінде Қосалқы құн салығынан босатылып келген.

Төлемдер мен салықтардың жалпы көлемінде жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың үлесі 11,9%, немесе 3,8 млрд теңгені құрайды. Басқа облыстарда тіркелген мыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушы компаниялардың үлесі

36,6% (11,7 млрд теңге) құрады. Облыстағы ірі кәсіпорындар кедендік төлемдер мен алым-салықтар бойынша бюджетке 4 млрд теңгеден астам түсім құйды.

Акциздік түсімдерден 90,1 млн теңге негізінен қозғалтқыш көлемі 3 мың текше см-ден жоғары автокөліктерді импорттау есебінен, 6,5 млн теңге

жанармай импорты есебінен қалыптасты.

Департаменттің хабарлауынша, 2006-жылы 3295 кедендік - кіріс ордерлері рәсімделіп, 39,5 млн теңгенің кедендік төлемдері мен алым-салықтары өндіріліп, 2005-жылғымен салыстығанда өсім 2099 ордерге жетті.

Сегіз кедендік бекетте POS-терминалдар орнатылып жұмыс істеуде. Жалпы түсімдер көлемінде пластикалық карточкалар бойынша кедендік төлемдер мен алым-салықтардың үлесі 3,9%-ті құрады, 2005-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 1,3%.

2006-жылы "Бейкер Хьюз" компаниясының филиалына - 14,7 млн теңге, "НМСК "Казмортрансфлот" АҚ-ына - 49,9 млн теңге, Казполмұнай" ЖШС-іне - 8,6 млн теңге көлемінде аса ірі көлемде айыппұлдар салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны