09.12.2011, 16:49 3386

Маңғыстау облысында планшеттік компьютерлер шығаратын өндіріс іске қосылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, зауытты таныстырған өңір басшысы Қырымбек Көшербаев: "Бүгін еліміздегі тұңғыш планшетті компьютерлік зауытты іске қосқалы отырмыз. Отандық өнімнің сапасы өте жоғары әрі оған қазақша бағдарлама енгізілген. Бағасы да қолжетімді. Алғашқы партиясын орта мектептерге жіберуді жоспарлап отырмыз", - дед атап өте келе Елбасынан өндірісті іске қосуға рұқсат сұрады.

Ақтау. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы "Caspiy electronics" ЖШС-нің планшеттік компьютерлер, теледидарлар мен мониторларды құрастыру зауытын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, зауытты таныстырған өңір басшысы Қырымбек Көшербаев: "Бүгін еліміздегі тұңғыш планшетті компьютерлік зауытты іске қосқалы отырмыз. Отандық өнімнің сапасы өте жоғары әрі оған қазақша бағдарлама енгізілген. Бағасы да қолжетімді. Алғашқы партиясын орта мектептерге жіберуді жоспарлап отырмыз", - дед атап өте келе Елбасынан өндірісті іске қосуға рұқсат сұрады.

"Осы жылдары ішінде Маңғыстау өңіріне мемлекет тарабынан ылғи көңіл бөлініп келе жатқанын білесіздер. Ақтаудың төңірегінде жаңа еркін аймақ пайда болды. Бұл инвестиция тартуға пайдасын тигізді", - деп атап өткен Мемлекет басшысы барлық маңғыстаулықтарды келе жатқан мерекемен құттықтай келе зауытты іске қосуға рұқсат берді.

Бұл қазақстанның ақпараттық технологияларын жаңа өндірістік деңгейге шығаратын инновациялық отандық өнімді құруға бағытталған "Аққу" брендімен планшеттік компьютерлер, теледидарлар мен мониторлар шығаратын тұңғыш зауыт. Өндіріс орнынан шыққан отандық өнім басқа әлемдік бәсекелестеріне қарағанда 30-40 пайызға арзан болмақ.

Зауытта күніне 280 планшеттік компьютер, 180 монитор жіәне 220 компьютер құрастыру жоспарлануда. Дайын өнім елімізбен қатар ТМД, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне экспортқа шығарылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны