12.06.2014, 21:49 3387

Маңғыстау облысында жан басына шаққанда жалпы өнім 20 мың АҚШ долларын құрады - Ш.Ілмұханбетова

Маңғыстау облысында ЖӨӨ жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларға жетті. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова мәлім етті.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Маңғыстау облысында ЖӨӨ жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларға жетті. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова мәлім етті.

"Маңғыстау облысы бүгінде дамуы жағынан болашағы зор өңірлердің бірі. 2013 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасының дамуы 2, 8 % құрап, ЖӨӨ жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларға жетті", - деді Ш.Ілмұханбетова.

Оның айтуынша, облыс әлемнің 101 елімен экпорт-импорт операцияларын, соның ішінде 41 елмен экспорт операцияларын, 99 елмен импорт операцияларын жүзеге асырады.

"2013 жылы облыстың сыртқы тауар айналымы 10 млрд. АҚШ долл. көрсетті. Ол 2012 жылға қарағанда 15%-ға артық. Экспорттың негізгі салыстырмалы салмағын алыс шетелдерге жанар-жағар май - энергетикалық тауарлары - 98 %, металл және одан жасалған бұйымдар, машина және құрал-жабдықтар - 2,2 % құрайды"", - деді ол.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары, импорттың құрылымы негізінен мұнай операцияларын жүргізу үшін қажетті тауарлары есебінен болып отырғанын тілге тиек етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны