06.10.2008, 17:55 3349

Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде жаңа газ кеніші табылды

Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде жаңа газ кеніші табылды

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кенішінде жаңа газ кеніші табылды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне "Кезби" ЖШС хабарлады.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 6 қазанда сағат 00.10-да Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Бұзашы түбегінде Ақтаудан 310 шақырым жерде орналасқан Қаратұрын кенішіндегі №34 ұңғыдағы жөндеу жұмыстары кезінде 1100 метр тереңдіктен газ бен мұнай атқылау оқиғасы болды. Бұл осы жерде жаңа газ кеніші бар екенін дәлелдейді. ТЖМ ақпаратына сәйкес, "Кезби" ЖШС белгіленген регламент бойынша ҚР ТЖМ-нің "Ақберен" қызметінің 9 адам мен 1 техникасынан құралған апаттық тобымен бірлесіп төтенше оқиғаны жойып, превенторды жапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны