29.01.2018, 17:47 5750

Маӊғыстау облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ 540 салымшысы "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында үй алады

Бұл - "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ талабы. Мысалы, бағасы 7 млн теӊге болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа 2 100 000 теӊге жинау қажет еді. Бұл жағдайда алғашқы үш жыл ішіндегі ай сайын төленетін сома 60 800 теӊге, ал үш жылдан кейін 56 800 теӊгені құрайды.

Ақтау. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекеттік бағдарламаныӊ алғашқы 455 қатысушысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жаӊа пәтерге көшіп кіруге дайын. Үйлер Ақтау қаласындағы "Айрақты" тұрғын үй кешенінде орналасқан. Таза әрлеудегі пәтерлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы 154 510-163 618 теӊге аралығында.

Бұл үйлерді жеӊілдетілген бағамен сатып алу үшін банк салымшыларына шотқа 30% көлеміндегі еӊ төменгі бастапқы жарна жинау немесе салу қажет болды. Бұл - "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ талабы. Мысалы, бағасы 7 млн теӊге болатын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа 2 100 000 теӊге жинау қажет еді. Бұл жағдайда алғашқы үш жыл ішіндегі ай сайын төленетін сома 60 800 теӊге, ал үш жылдан кейін 56 800 теӊгені құрайды.

- Баспаналы болғандардыӊ жартысы, дәлірек айтқанда 253 адам шоттарына қажет соманыӊ 50%-ын жинап, пәтерлерді аса тиімді шарттармен сатып ала алады. Жетпейтін соманы банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын заем түрінде берді. Бұл - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесініӊ артықшылықтарын жақсы білетін, тәртіпке үйренген, мақсатына жете білетін жандар. Тағы 202 салымшы депозиттерінде 30% көлеміндегі еӊ төменгі бастапқы жарнаны жинай алды. Олар да жеӊілдетілген талаптармен заем алды, бұл жолда көмекке "Нұрлы жер" бағдарламасы келді, - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымыныӊ орынбасары Құралай Илімова.

Бүгін ол Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановпен бірге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларын жаӊа қоныстарымен құттықтады.

Пәтер кілтін алғандардыӊ арасында банк салымшысы Жанат Базарбаева да бар. Ол үш бөлмелі үйдіӊ иесі атанып отыр. Осы күнге жету үшін Жанаттыӊ отбасы бірлесіп 5 жыл бойы ақша жинаған екен. Нәтижесінде Базарбаевтардыӊ шотында 4 млн теӊгеніӊ басы құралған. Бұл сома алғашқы жарна ретінде іске жарапты, қазір банк салымшысы жұбайымен және үш оқушы ұлымен көшуге дайындалуда.

- 15 жыл бойы пәтер жалдадық, ай сайын 80 000-100 000 теӊгеден төлеп жүрдік. Осыған қарамастан мақсат қойып, өз үйімізге деп ақша жинадық. Ата-анамыз көмектесті, мемлекет сыйлықақысы мен өз сыйақысын қосып отырған банк те қолдау білдірді, өзіміз де үнемдеп, депозитке барынша көп ақша салып жүрдік. Алдына мақсат қойған адам міндетті түрде сол мақсатына жетеді. Біздіӊ отбасы - мұныӊ дәлелі, - дейді Жанат Базарбаева.

Барлығы Маӊғыстау облысында 48 925 азамат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, қаражат жинап жатыр. Мұныӊ ішінде 14 860 келісім-шарт 2017 жылы ашылған. Өткен жылдыӊ ішінде аймақта тұратын 1000-нан астам адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен қолжетімді заем алып, баспаналы болды. 2018 жылы тек "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында ғана 1100-дей пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта "Айрақты" ықшам ауданындағы пәтерлерді сатып алушылар пулына қосымша іріктеу жүріп жатыр. Өтініштер 2018 жылдыӊ 1 ақпанына дейін қабылданады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны