25.12.2007, 15:50 3245

Маңғыстау облысының кедендік инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Маңғыстау облысының кедендік инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Ақтау. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының кедендік инфрақұрылымын дамытуға 3 жылда республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы журналистерге облыстың кедендік бақылау департаментінің бастығы Илібек Қартов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, бұл қаржыға келесі жылдан бастап кедендік рәсімдеу ортылығы, Түркіменстан және Өзбекстан шекараларында типтік терминалдар салу басталады.

Жуықта Баутино аулында (Түпқараған ауданы) жаңа кеден бекеті пайдалануға берілген, оның құрылысы 2007 жылдың наурызында басталған болатын. "Заманауи инфрақұрылымның болуы кедендік бақылаудың тиімділігіне септігін тигізеді, сонымен қатар ең алдымен жұмыс барысында ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға және кедендік рәсімдеу процессін жылдамдатуға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Илібек Қартов.

Департамент жоспарында, сондай-ақ, Құрық ауылында кедендік пост салу да бар. "Қазақстаннан Түрікменстанға баратын темір жол салуға байланысты Қазақстан аумағында кедендік инфрақұрылымның болу қажеттілігі туындайды",- деп атап көрсетті Илібек Қартов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны