07.11.2017, 19:11 4836

Маӊғыстау облысыныӊ Құрық ауылында су тұщыту зауытын салу жобасы әзірленді

Осыған байланысты өӊір халқы мен кәсіпорындарын ауыз суға және техникалық суға қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Маӊғыстау облысыныӊ Құрық ауылында қуаты тәулігіне 50 000 м3 тұщыландыру зауытын салу және пайдалану" МЖИ жобасы әзірленді.

Ақтау. 7 қараша. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ маӊызды проблемаларыныӊ бірі өӊірдіӊ халқы мен кәсіпорындарын тұщыландырылған сумен қамтамасыз ету проблемасы болып табылады. Аталған мәселе ұзақ уақыт бойы қажетті инвестициялардыӊ болмауына байланысты шешілген жоқ. Қазір, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" жаӊа заӊныӊ қабылдануымен инвесторларды тарту мүмкіндігі пайда болды, бұл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мерзімдерін қысқартуға, әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартуға және тұтастай алғанда өӊірдіӊ инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты өӊір халқы мен кәсіпорындарын ауыз суға және техникалық суға қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Маӊғыстау облысыныӊ Құрық ауылында қуаты тәулігіне 50 000 м3 тұщыландыру зауытын салу және пайдалану" МЖИ жобасы әзірленді.

Икімдік жобаныӊ табысты іске асырылуы үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізді - жобаныӊ тұжырымдамасы әзірленді, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚР Заӊыныӊ және МЖИ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларыныӊ шеӊберінде келісу мен сараптаудыӊ барлық кезеӊдерінен өтті. МЖИ жобасына сәйкес әкімдік зауыттыӊ және су бөгетініӊ құрылысына жер учаскесін бөліп отыр.

Қазіргі кезде конкурстыӊ бірінші кезеӊініӊ іс-шаралары жүргізілуде. Илеуетті жекешелік әріптестер техникалық ұсыныстарды беруде, соныӊ негізінде теӊіз суын тұщыландырудыӊ барынша тиімді технологиясы айқындалатын болады. Конкурстыӊ екінші кезеӊініӊ қорытындылары бойынша жеӊімпаз анықталатын болады.

Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауында МЖИ әртүрлі нысандарын енгізу жолымен коммуналдық инфрақұрылым секторына инвестицияларды ауқымды түрде тарту міндеті қойылған болатын. ҚР Үкіметі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, әкімдіктер қойған міндеттерді іске асыру мақсатында үлкен жұмыс атқарып жатыр, барлық өӊірлер бойынша МЖИ пилотты жобалар тізбесі қалыптастырылды, оларды іске асыру жөнінде жол картасы әзірленді және бекітілді, деп хабарлайды "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ баспасөз қызметі.

Анықтама үшін:

"Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаӊғырту мен дамытудыӊ қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы("ТКШ Қазорталығы" АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаӊғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметініӊ негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны