10.12.2018, 02:20 8315

Маӊғыстау облысыныӊ Мұнайлы ауданында 100 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамтитын 2,6 шақырым газ құбырыныӊ 1,2 шақырымына газ берілді

Аталған жұмыстар толығымен 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Жалпы жоба аясында 20 шақырым газ құбыры салынып, 690 абонент қосылады

Ақтау. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысыныӊ басшысы Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Маӊғыстау облысыныӊ елдімекендердегі 2015-2020 жылдарға аралығын газ тасымалдау жүйелерін жаӊғырту және жаӊасын салуға бағытталған инвестициялық жобасы аясында жүргізілген газ құбырыныӊ жұмысымен танысты.

Аталған жоба бүгінгі күні жоспарланған 100 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамтитын 2,6 шақырым газ құбырыныӊ 1,2 шақырымына газ берілді. Бұл 45 абонентті газбен қамтуға жеткілікті.

Аталған жұмыстар толығымен 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Жалпы жоба аясында 20 шақырым газ құбыры салынып, 690 абонент қосылады. Негізінде бұл жоба 1328,63 шақырым Маӊғыстау, Түпқараған, Қарақия, Бейнеу аудандары мен Жаӊаөзен қаласында да салынбақ.

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Маӊғыстау өндірістік филиалыныӊ игілігінде 6 аудандық газ шаруашылығы, ұзындығы 3875,2 шақырым газ құбыры, 3356,4 шақырым газ таратушы жүйесі және 518,8 км "Жаӊаөзен-Ақтау" магистралдық жүйесі бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны