18.04.2008, 12:16 3081

Маңғыстау облыстық әкімшілігі мен "Қорғас" халықаралық шекаралық сауда орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Маңғыстау облыстық әкімшілігі мен "Қорғас" халықаралық шекаралық сауда орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ақтау. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Ақтауда өткен ІІ Каспий форумында Маңғыстау облыстық әкімшілігі мен "Қорғас" халықаралық шекаралық сауда орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Меморандумда инвестициялар тартуға қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен шараларды өткізу саласындағы ынтымақтастықтың басты бағыттары айқындалды; инвестиция тарту аясында өзара ақпараттық қолдау көрсету; тараптардың іс-қызметінің басты бағыттарына сай келетін салаларда өзара тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы меморандумда инвестиция тарту, логистика және транзит мәселелері бойынша бес дөңгелек үстел, форум мен конференциялар өткізуде өзара қолдау көрсету бағыттары айқындалған.

"Қорғас" халықаралық шекаралық сауда орталығын одан әрі дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған бағдарлама бойынша Ақтау теңіз айлағы Орталық Азиялық транспорттық-өнеркәсіптік дәлізінің Біртұтас транспорттық-логистикалық жүйесінің құрылымында стратегиялық айлақ-реттегіш ретінде айқындалған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қорғас" халықаралық шекаралық сауда орталығының құрылысы Қазақстандағы Қытаймен арадағы траспорттық сауданы дамытуға және сауда-саттықты жеңілдетуге бағытталған ең ірі инвестициялық жобаның біріне саналады.

"Қорғас" халықаралық шекаралық сауда орталығының құрылысы 2006 жылдың 3 маусымында Қазақстан мен Қытайдың мемлекет басшыларының бастамасымен басталды. Оның аумағы 15 шаршы шақырымды құрайды. Осы жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған орталықтың негізгі бөлігі сауда мен туризмді дамытуға арналған, онда тұсаукесерлер мен қоймаларға, экспорттық өнімдерді өңдеу мен баж салығынсыз сауда-саттыққа арналған орынжайлар салынады.

Орталық Азия елдері Қытайда өндірілген тауарлардың, бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің саудасы жүретін маңызды рынок, ал Қытай - Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдер шығаратын мұнай, болат және өзге шикізаттың маңызды импорттаушысы болып табылады.

Қытай - Ақтау айлағы - Баку - Грузия - Түркия - Еуропа елдері транзиттік дәлізінің бір бөлігіне айналуға тиіс Жезқазған - Бейнеу темір жолының салынуы арқасында Қытай жүктерін еуропалық айлақтарға дейін жеткізу 40-тан 12 күнге дейін қысқарады. Темір жол орталықтан басталып елдің оңтүстік-батысына қарай Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау секілді төрт облыстың аумағы арқылы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны