27.09.2018, 17:26 3534

Маӊғыстауда 500- ге жуық отбасы баспаналы болды

Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Ақтау қаласыныӊ 55 жылдық мерекесі қарсаӊында кезекте тұрған 478 отбасына: 161 бір бөлмелі, 237 екі бөлмелі және 80 үш бөлмелі пәтер кілттерін табыстады.

Ақтау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 500 отбасына жаӊа пәтерлер кілттері салтанатты түрде табысталды. Шараға Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Руслан Кәкім қатысты.

Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Ақтау қаласыныӊ 55 жылдық мерекесі қарсаӊында кезекте тұрған 478 отбасына: 161 бір бөлмелі, 237 екі бөлмелі және 80 үш бөлмелі пәтер кілттерін табыстады. Жаӊадан салынған көп қабатты тұрғын үйдіӊ жалпы ауданы 26 122,4 шаршы метр. Пәтерлер таза әрлеуден өткен. Олардыӊ барлығында қажетті коммуникациялар мен газ плитасы және сантехника орнатылған.

Жаӊа тұрғын үй Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ "Сатып алумен жалға беру" бағыты аясында жүзеге асып отыр.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Сонымен бірге салынатын ғимараттардыӊ сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қойылуда. Осыған орай үкіметке, жергілікті атқарушы билік органдарына халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу бойынша үлкен салмақ салынып, жауапкершілік жүктелді. Бүкіл еліміздегі сияқты, қазір бұл бағыттағы нақты жұмыстар Ақтау қаласында да іске асырылып жатыр.Ақтау қаласындағы жаӊа шағын аудандарды игеру, барлық инфрақұрылымымен жаӊадан үйлер тұрғызу, мұныӊ барлығы да түптеп келгенде әлеуметтіӊ әлеуетін арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстардыӊ нәтижесі",-деді Ералы Тоғжанов.

Ақтау қаласында "Сатып алумен жалға беру" бағыты бойынша бүгінге дейін жалпы ауданы 56 664,9 шаршы метрді құрайтын 986 пәтері пайдалануға берілді. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы үшін қазақстандықтардыӊ, бірінші кезекте, халықтыӊ еӊ осал топтары - көп балалы және толық емес отбасылардыӊ, мүмкіндіктері шектеулі адамдардыӊ, жетімдердіӊ тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру басымырақ. Бұл Елбасымыздыӊ бастамасымен жүзеге асырылған біздіӊ ортақ ісіміз. Бізге жауапты миссия жүктелді және біз ортақ күш-жігерімізді біріктіре отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды дәлелдей алдық", -деп атап өтті Руслан Кәкім.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны