10.06.2009, 16:08 1388

Марченко агрессиялық жарнамалық саясат жүргізіп отырған үш банкке мәселенің артын ойлауға шақырып ескерту жасады

Марченко агрессиялық жарнамалық саясат жүргізіп отырған үш банкке мәселенің артын ойлауға шақырып ескерту жасады

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко агрессиялық жарнамалық саясат жүргізіп отырған үш банкке ескерту жасап, артын ойлауға шақырып. Бұл туралы ол бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Елімізде қазір алғашқы шоғырға кірмейтін бірнеше банк тарапынан біршама агрессиялық сипаттағы жарнама пайда болды. Менің пікірімше және менің осы саладағы 15 жылдық тәжірибеме сәйкес, бұл Беляевтің кезіндегі "Валют-Транзиттің", Ертаевтың кезіндегі "Альянс Банктің" және Аблязовтың кезіндегі "ТұранИлемнің" әрекетіне ұқсап барады, өкінішке орай, оның зардабы да ұқсас болуы ықтимал", - деді Г. Марченко.

"Жарияланып отырған ставкалар деңгейі бізге ұнамайды, өйткені ол өте жоғары... Олар бұл ақшаны қайда салатыны, 20% және одан жоғары өсімақымен кімді несиелендіргелі отырғаны түсініксіздеу. Сол себепті осы банктерге өз ақшаларын салатын адамдар ол не банктегі қолма-қол ақшаға қатысты проблеманы, не болмаса, жоғары тәуекелді салаларды несиелендіруі мүмкін екендігін көрсететінін түсінуі керек", - деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен осындай үш банк бар. "Изірге олардың аты-жөнін атамай -ақ қояйық, бірақ ол жалғаса беретін болса, біз аты-жөндерін атауға кірісеміз", - деді Ұлттық банк басшысы.

"Халықтың қаржысын көрінеу жоғары ставкаға тартуға бағытталған осындай барлық әрекеттер көп жағдайда әдетте өкінішті аяқталып жатады", - деді Г. Марченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны