03.05.2012, 11:54 3159

Машина жасау өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі 125 054 млн. теңгені құрады

"2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында машина жасау саласындағы өндірістік көлемі 125 054 млн. теңгені, нақты көлем индексі- 120,1 пайызды құрады",- делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылдың І тоқсанында машина жасау саласында өндірілген өнімнің көлемі 125 054 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында машина жасау саласындағы өндірістік көлемі 125 054 млн. теңгені, нақты көлем индексі- 120,1 пайызды құрады",- делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде 5 551 млн. теңге соманың өнімі, 15 180 млн. теңге сомаға электр жабдықтары өндірілгені атап көрсетіліп отыр. Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісінде 21 075 млн. теңге соманың өнімі, 12 574 млн. теңге соманың автокөлік құралдары, трейлерлері мен жартылай тіркемелері өндірілген. Аталған кезеңде сондай-ақ 53 644 млн. теңге сомаға машиналар мен жабдықтарды жөндеу және оларды орнату жұмыстары жүргізілген.

Тағы бір айта кететін жайт, 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 3,7 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны