13.12.2011, 10:51 3806

Машина жасау саласында 8 индустриялық жоба іске қосылды

"Атап айтқанда, Алматы облысындағы қорғасын-қышқылды аккумулятор батареясын шығару жобасы. Айта кету керек, Қазақстанда бұрын-соңды мұндай өнім өндірілмеген. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 570 млн. теңгені құрап отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today- 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында машина жасау секторында 19 028 млн. теңге сома инвестицияға 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мәлім етті. ҮИИД бағдарламасының аясында ІІ жартыжылдықта 162 индустриялық жобаны іске қосу қарастырылған, оның сегізі - машина жасау саласының жобасы.

"Атап айтқанда, Алматы облысындағы қорғасын-қышқылды аккумулятор батареясын шығару жобасы. Айта кету керек, Қазақстанда бұрын-соңды мұндай өнім өндірілмеген. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 570 млн. теңгені құрап отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

"Кезекті жоба - Шығыс Қазақстандағы "Шығысмашзауыт" АҚ аумағында қолға алынып жатқан вагон жабдықтарына арналған шойын құймалары цехы. 6 391 млн. теңге инвестиция салынған бұл жоба 456 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр",- делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ Астанада жолаушылар вагонын шығаратын зауыт іске қосылды. Оған салынған инвестиция көлемі- 8,2 млрд. теңге. Және Атырау облысында "Трейлер өндірісі" жобасы жүзеге асырылды. Өндіріс көлемі 170 млн. теңгені құрайтын бұл жобаның аясында 30 жұмыс орны құрылып отыр және оның жылдың қуаты 72 бірлікті құрайтын болады. Атырауда сондай-ақ "Құрылыс жабдықтарының өндірісі" жобасы да іске асырылып отыр.

Оған қоса, Батыс Қазақстан облысында "МАЗ көлігінің негізінде арнайы автотехниканың бірлескен өндірісін ұйымдастыру" жобасы (өндіріс көлемі- 600 млн. теңге, 50 жұмыс орны), Қарағанды облысында "Мамандандырылған ұшақтар өндірісін ұйымдастыру" жобасы (өндіріс көлемі- 1,6 млрд. теңге, 125 жұмыс орны, жылдық қуаты - 35 ұшақ) мен "LAN локальдық жүйесі үшін телекоммуникациялық кабельдер өндіру" жобасы (өндіріс көлемі- 793 млн. теңге, 60 жұмыс орны, жылдың қуаты 18 мың шақырым) іске қосылды.

Қазақстанның машина жасау саласы экономиканың негізгі "тартушы күшіне", өнеркәсіптік өндірістің жаңа өсу нүктесіне айналуы керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны