21.01.2008, 16:08 2604

Мәсімов биылғы бюджет аясында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржыландырудың көлемі артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Мәсімов биылғы бюджет аясында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржыландырудың көлемі артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьері Кәрім Мәсімов биылғы бюджет аясында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржыландырудың көлемі артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір банк секторының ауыл шаруашылығын қаржыландыруда белгілі қиындықтар туып отырғандықтан қазір біз 2008 жылғы бюджет аясында ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржы көлемін арттыру ұсынысын талқылаудамыз және оны парламентке жолдауымыз мүмкін", - деді К. Мәсімов.

К. Мәсімов сондай-ақ, негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алуға үкіметтік резервтен қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойғанын хабарлады. "Біз еліміздің ірі қалаларының маңында осы негізгі өнімдердің қорын сақтайтын боламыз. Біз бұл қадамға тағы да баға ауытқитын болса, нарыққа интервенция жасап, бағаны ұстап тұру үшін барып отырмыз", - деп түсіндірді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны