31.01.2008, 19:26 6617

Мәсімов "Қазпошта" мен "Қазақтелеком" басшыларына Қазақстанда интернет-сауданы дамыту мәселесін дәйектеуді тапсырды

Мәсімов "Қазпошта" мен "Қазақтелеком" басшыларына Қазақстанда интернет-сауданы дамыту мәселесін дәйектеуді тапсырды

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Қазпошта" мен "Қазақтелеком" басшыларына Қазақстанда интернет-сауданы дамыту мәселесін дәйектеуді тапсырды. Ол бүгін "Самұрық" мемлекеттік холдингінің алқа мәжілісі барысында осындай тапсырма берді.

"Бүгінде дүниежүзінде пошта қызметінің, соның ішінде Интернетті дамыту және Интернет арқылы жүзеге асырылатын саудадағы ролі мен маңызы арта түсуде", - деді К. Мәсімов.

"Пошта - дүниежүзінде осы сегментте пайдаланылатын ең таңдаулы құрал, осы құрал қазір бізде болмай отыр. Осы бағытта қарқынды даму қажет, өйткені, "Қазпошта" еліміздің жалпы аумағы бойынша кейбір басты тауарлар мен өнімдерді жеткізетін құралға айнала алады", - деді ол.

"Пошта - әрбір ауыл мен кентке жеткізуге болатын желілік компания, дей келіп, үкімет басшысы "Қазпошта" басшылығына кеңестік кезеңде болған дүниелерді жаңа технологиялармен толықтыруды нұсқады. "Қазақтелеком" компаниясымен бірлесіп "Тауарды поштамен жеткізу" секілді қызметтерді дәйектеуді тапсырамын", - деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны