03.02.2014, 21:13 3478

Мәскеуде өткен ЕЭК кезекті отырысында интеграцияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстан жағын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастап барды.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қазақстан жағын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастап барды.

"ЕЭК кеңесі мүшелері интеграцияны дамытудың одан арғы жағдайын есепке ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы бойынша жұмыстардың барысын талқылады", - деп Премьер-Министрдің ресми порталындағы хабарламада жазылған.

Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіпке, бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеуге, КО және ЕЭК-ке мүше-елдердің агроөнеркәсіптік саясаты және басқа да сфераларға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ЕЭК кеңесі бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтау, сондай-ақ ауыспалы тоқ қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінің әкелімдік кедендік бажы мөлшерлемесін қалыптастыру бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия өкілеттігін жүзеге асыру кезінде құпия ақпараттарды қорғау тәртібі және оны жариялау жауапкершілігі туралы Келісім жобасын қарады.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев ЕЭК жұмысындағы басымдық интеграциялық бірлесуде қатысушы- мемлекеттердің өз мүдделеріне қол жеткізуі болып табылатынын атап көрсетті.

"Біз, елдеріміздің бірлескен жұмысының экономика дамуын жеделдетуге, жаңа өндірістер мен салалар құруға, тиісінше, тауарлар мен қызметтер ассортименттерін кеңейтуге, олардың ортақ экономикалық кеңістік ішіндегі айналымын оңайлатуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін көріп отырмыз",-деп түйіндеді Б.Сағынтаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны