23.01.2014, 20:47 4364

Мәскеудегі бизнес-форумға қазақстандық агроэкспорттаушылар қатысуда

Бүгін Мәскеуде "Қазақстан Аймақтары - Мәскеу: ынтымақтастықты қарқындату" бизнес-форумы өз жұмысын бастады, деп "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 23 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мәскеуде "Қазақстан Аймақтары - Мәскеу: ынтымақтастықты қарқындату" бизнес-форумы өз жұмысын бастады, деп "ҚазАгро" холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

" Екі күнге созылатын іс-шара қазақстандық "ҚазАгро" Ұлттық Холдингінің Мәскеу Үкіметімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілеттілігімен бірлесе ұйымдастырылды. "ҚазАгро" холдингі басшысы Дулат Айтжановтың айтуынша бизнес-миссияның басты мақсаты - Мәскеу нарығына қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастыру сұрақтарын ресейлік серіктестермен бірлесіп шешу", - делінген хабарламада.

Бизнес-форум Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерінің экспотрын ұлғайту бойынша берген тапсырмасы аясында өткізілуде.

Мәскеулік форумда қазақстандық өндірушілердің өнімі және еліміздің АӨК-нің экспорттық мүмкіндіктері ұсынылады. Өз кезегінде Мәскеу қ. сауда және қызметтер Департаменті ресейлік бас қала нарығының жағдайы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен сату мүмкіндіктерін айтуды көздеп отыр.

"Кедендік одақ шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда климатының қолайлығын, сонымен қатар Мәскеу қ. және Мәскеу облысының өткізу нарығының үлкен және перспективалығын ескере отырып, өнімдерді осы аймаққа жеткізуге, сонымен қатар "ҚазАгро" Ұлттық холдингі қазақстандық бизнесмендер үшін ұйымдастырған Ресей астанасындағы сауда миссиясына қатысуға дайынбыз", - деді Алматы облысындағы "Green Land Alatay" ЖШС жылыжай кешені директоры Алмаз Даутов.

Форум барысында "ҚазАгро" Ұлттық холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен Мәскеу қалабасы Сергей Собянинмен кездесуі жоспарлануда. Сонымен қатар, іс-шара нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мәскеу қ. сауда және қызметтер Департаменті арасында Бірлескен мәлімдемеге қол қою, сонымен қатар "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ мен "Мосрегионторг" ААҚ арасында өзара көмек пен ынтымақстастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Бизнес-форум бағдарламасы потенциалды мәскеулік серіктестердің сауда алаңдарына және өндіріс базаларына баруды қамтиды. Қазақстандық кәсіпкерлер аймақтағы ұн комбинаттары, элеваторлары және астық сақтау қоймалары жұмыстарымен танысып, жергілікті ет және ет өнімдерін тоңазыту қоймалары мен ауыл шаруашылығы көтерме базарларына барады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны