04.12.2012, 18:30 3346

"Матен Петролеум" АҚ акциялары биржада листинг процедурасынан өтті

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен "Матен Петролеум" АҚ KZ1C58290012 (ISIN - KZ1C00000868) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Алматы. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Матен Петролеум" АҚ акциялары биржада листинг процедурасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен "Матен Петролеум" АҚ KZ1C58290012 (ISIN - KZ1C00000868) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.

KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2010 жылдың 28 желтоқсандағы куәлігіне сәйкес "Матен Петролеум" АҚ жарияланған акцияларын шығару 15 000 жай акцияға бөлініп, KZ1C58290012 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым А5829 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

"Матен Петролеум" АҚ қаржылық кеңесшісі "Тройка Диалог Казахстан" АҚ болып табылады.

"Матен Петролеум" АҚ акцияларының тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) MATN.

"Матен Петролеум" АҚ негізгі қызметі - мұнай, газ және газ конденсаттық кен орындарын пайдалану және өңдеу.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны