01.07.2011, 18:00 3339

Маусым айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 851 теңгені құрады

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 5,7, 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда 20,7 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,1, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,7, жемістер мен көкөністерге - 15,8, нан және жарма өнімдеріне - 7,7, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,7 пайызды құрады.

Алматы. 1-шілде. Kazakhstan Today - Маусым айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 851 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 5,7, 2010 жылғы маусыммен салыстырғанда 20,7 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,1, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,7, жемістер мен көкөністерге - 15,8, нан және жарма өнімдеріне - 7,7, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,7 пайызды құрады.

Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны