13.09.2011, 11:30 3230

Max Petroleum Батыс Сағыз маңынан мұнай қорын тапты

Max Petroleum Батыс Сағыз маңынан мұнай қорын тапты.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Max Petroleum Батыс Сағыз маңынан мұнай қорын тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Max Petroleum Plc мұнайгаз компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай кен орны - "Батыс Сағыз" ( Sagiz West) - табылғанын жариялаған. Бұл жөнінде компанияның ресми сайтында хабарланған.

SAGW-1 ұңғымаларын зерттеу 1 406 метрге жетіп, онда 27 метр таза мұнай мен газ кені табылды. (21 метр - мұнай мен 6 метр - газ).

Сұйыққойманың сапасы жақсы, кеуектілігі 18 % мен 25 % шамасында. "Батыс Сағыз" кен орнындағы мұнай қоры 66 млн баррельді құрайды деп бағалануда.

Компанияның хабарлап отырғанындай, 2012 жылы 2 бағалау ұңғымасы бұрғыланатын болады.

"Бұл - компания мен біздің акционерлеріміз үшін үздік нәтиже. "Батыс Сағыз" - бұл үлкен жаңалық. 2011 жылдың наурызынан бастап біз сегіз сәтті ұңғыма қазып, үш мұнай кен орнын аштық", - деді Max Petroleum Plc президенті Майкл Б. Янг.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны