06.09.2006, 12:29 2564

Мәжіліс 2007-жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасын қарашаның басында қарамақшы

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мәжіліс "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қарашаның басында қарамақшы. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз қорытындыны 8-қарашаға дейін дайындып бітіреміз",- деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев.

Парламент жұмысының регламентіне сәйкес, республикалық бюджет туралы заң жобасы әр палатада жеке қаралады. Құжат парламент палаталарының бірлескен отырысында екі оқылымда қабылданады.

2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының мәжілістегі тұсаукесері 2006-жылдың 8-қыркүйегіне межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын үкімет 24-тамызда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны