25.02.2015, 16:10 4001

Мәжіліс депутаттары "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заӊына енгізілген түзетулерді мақұлдады

Парламент Мәжілісініӊ депутаттары пленарлық мәжіліс барысында "2015-2017 жылдарға арналған бюджет туралы" заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ депутаттары пленарлық мәжіліс барысында "2015-2017 жылдарға арналған бюджет туралы" заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталмыш заӊ жобасы Қазақстан Республикасыныӊ 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі болжамдарыныӊ түзетулері негізінде 2015 жылға арналған бюджетке ел экономикасыныӊ 2014 жылғы дамуыныӊ болжамдары негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Бұл ретте әлемдегі тауарлы нарықтардағы жағдай мен экспортталатын тауарлардыӊ бағасы да назарға алынған", - делінген Қаржы және бюджет комитетініӊ шешімінде, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ жобасындағы түзетілген болжамдар 2015-2017жылдары мұнай баррелініӊ бағасы 80 мен 50 доллар аралығында болады деп мөлшерленген. Ал, жалпы ішкі өнімніӊ көлемі 2015 жылы 1,5 пайыз, 2016 жылы 2,3 пайыз, 2017 жылы 3,4 пайыз болады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, инфляция көлемін сол бұрынғысынша 6-8 пайыз көлемінде қылдару болжанған.

"2015 жылға нақтыланған кіріс көлемі 3 219,9 миллиард теӊге көлемінде белгіленіп, 939,6 миллиард теӊгеге азайтылды. Ұлттық қордан алынған кепілді трансферттер 1 702 миллиард теӊге көлемінде болжануда", -дейді комитет өкілдері.

Сонымен қатар, комитет өкілдерініӊ шешімі бойынша, республикалық бюджеттіӊ 2015 жылға арналған шығыстары нақтыланған жоспар бойынша және дифицит көлемініӊ 7 пайызға ұлғайтылуына орай 244,5 миллиард теӊге болады деп белгіленіп отыр.

"Еліміздіӊ экономикасыныӊ болашақта күрделі кезеӊдерді бастан өткеруі мүмкін екендігін ескере отырып, Үкіметтіӊ резервтері 317,8 миллиард теӊге көлемінде белгіленіп, 250 миллиард теӊгеге ұлғайтылды. Бұл шара ел экономикасын проблемалық несиелерді екінші транш көздерінен қаржыландыру арқылы ынталандыруға бөлінген 1 триллион теӊгеніӊ есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Республикалық бюдджет тапшылығы 2015 жылы 1 265,5 миллиард теӊгені құрайды деп күтілуде",-делінген комитет мәліметтерінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны