27.12.2007, 19:36 2963

Мәжіліске "Қазақстан Республикасының салық салу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнінде"жаңа заң жобасы ұсынылды

Мәжіліс элиталы тұрғын үйге салық салу мәселесін қарастырады

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін". Мәжілісте "Қазақстан Республикасының салық салу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнінде" жаңа заң жобасы қарастырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жаңа жобада қымбат мүліктерге байланысты салықтарды жетілдіру, сыртқы қарыздарды азайту, әкімшіліктік жұмысты жүйелеу, және салық салу заңдарындағы бөлек баптарды толықтыруға бағытталған ", -деп мәлімдеді экономика және бюджеттік жаспарлау министрі Бақыт Сұлтанов депутаттар алдында.

Ол атап кеткеніндей, "осы жылдың 12 сәуірінде президенттің берген тапсырмасына сәйкес, салық табыстарын заңды және жеке тұлғалардан құрудың негізгі ролін бастапқы сатыдан ауыстыруды іске асыру мақсатында, сондай-ақ, қалталы тұрғындардың мүлігіне толық салық салу үшін, қымбат мүліктің салық ставкаларын ұлғайту қажет".

"Құны 30 млн тұратын мүлік нысандарының ставкаларын сол күйінде қалдырып, 30 млн тенгеден асатын ғимараттардың салығы 0,5- 1 пайызға дейін ұлғайту ұсынылған. Сондай-ақ, бағасы 50 млн теңгеден асатын нысандарға 2 пайыз көлемінде салық салу көзделген ", - деді министр.

Сонымен бірге "мүлік нарығында алыпсатарлықты болдырмау үшін, 1-3 жыл аралығында баға өсіп сатылатын болса, онда оған жеке табыс салығы салынады". Салық ставкасы 10 пайызды құрайды.

"Бұл талап жеке меншік иесінің тұрып жатқан баспанасына қолданылмайды. Сонымен бірге жеке меншікте 3 жылдан жоғары болып, онда тіркелген баспана иесіне және кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылмаған үйлерге салық салынбайды ", - деп атап кетті Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ, заң жобасында "Салық кодексінің тиімділігін арттырып, сыртқы қарыздарды азайтуға бағытталған нормаларға несие мен займдердің үстемелеріне салынатын шегерімдер тәртібін өзгерту енгізу керек ". Ол үшін, " қолданыстаны резидент еместерге ғана деген баптың орнына, өз-ара байланысты және өз ара- тәуелді жақтар арасындағы операцияларға шектеу жасау керек ".

"Жоба бойынша, резидент еместерге салынатын салық тәртібіде өзгертіледі. Яғни, олардың салықты есептеу, аудару сияқты міндеттері салық агентіне жүктеліп, сол арқылы әкімшіліктік салық салуды жеңілдетіп тиімділігін арттыруға болады ", - деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны