27.01.2015, 15:12 4007

Мәжілісте бағалы металдар туралы заӊ жобасы таныстырылды

Бүгін Мәжілісте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заӊ жобасын таныстырды

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заӊ жобасын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәжілістіӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш заӊ жобасыныӊ қабылдануы бағалы металдар мен асыл тастар саласында қоғамдық қатынасты реттеудіӊ бірыӊғай негізгі заӊнмасын құру болып есептеледі, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ стандарты мен Қазақстанда асыл бұйымдар өндірісініӊ дамуына жағдай жасау үшін ұлттық заӊнаманыӊ үлесімділігі қарастырылуда", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны