13.02.2015, 22:07 4364

Мәжілісте көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде заӊ жобасы таныстырылды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов ҚР Парламенті Мәжілісінде "Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын таныстырды

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов ҚР Парламенті Мәжілісінде "Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасы көші-қон саясатын және мүгедектерді жұмыспен қамту тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Заӊ жобасы шетелдік мамандарды (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз бетімен келген) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, шетелдіктер үшін олардыӊ біліктілік деӊгейіне сәйкестігі туралы анықтама енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балмен бағалау жүйесін ендіруді қарастырады. Шетелдік жұмыскерлерге өздігімен жұмыспен қамту үшін басым салалардыӊ (экономикалық қызмет түрлері) және оларға қажет мамандықтар тізімі анықталады.

Сондай-ақ, заӊ жобасында жұмыс берушілердіӊ шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту тәртібін жетілдіру ұсынылады. Егер бұған дейін квота Қазақстанныӊ экономикалық белсенді тұрғынына пайыздық арасалмағы негізінде белгіленсе, енді ШЖК тартуға квотаны экономикалық қызметтіӊ түрі бойынша сала жұмыскерлерініӊ санына қатысты пайыздық арасалмақпен анықтау қарастырылады. Рұқсатты ақылы негізде беру жоспарланған.

Ұжымішілік аударымдар тәртібін квотадан тыс және жеӊілдікті шарттармен рұқсат бойынша іске асыру көзделеді. Жеӊілдікті шарттар тегін рұқсат беруді, сондай-ақ, 2 және 3 санатты жергілікті мамандар (құрылымдық бөлімшелердіӊ жетекшілері және мамандар) бойынша талапты 50%-ға дейін төмендету, сондай-ақ, 1 санат (бірінші жетекшілері мен олардыӊ орынбасарлары) бойынша шектеулерді алып тастауды қарастырады.

Қазіргі талап бойынша 1 және 2 санат бойынша жергілікті жұмыскерлер үлесі кемінде 70%, 3 және 4 санаттар бойынша кемінде 90% болуы тиіс.

Сондай-ақ, заӊ жобасында елімізге дарынды шетел жастарын тарту қарастырылады. Шетелдік жастар үшін үкіметтік квотамен жоғары және ЖОО кейін білім алуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Оқуын аяқтағаннан кейін ол түлектер квотадан тыс және рұқсатсыз жұмысқа тұра алады.

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жұмыс күші артық өӊірлерден Үкімет белгілеген аймақтарға көшіру жалғасады. Ол үшін көшушілер үшін дәстүрлі саналатын бағыттар бойынша кәсіпкерлікті дамытатын арнаулы бағдарламалар әзірлеу жоспарлануда. Көшіп барған өӊірлерде оқу орындарыныӊ санын арттыру, жұмыс күші артық өӊірлердіӊ ауыл жастары үшін жоғары оқу орындарында және колледждерде оқуына арнаулы гранттар енгізу қарастырылып отыр.

Заӊ жобасы аясында оралман мәртебесін алу тәртібін жеӊілдету, оларды орналастырудыӊ өӊірлік квотасын белгілеу ұсынылады. Илеуметтік көмек көрсетілген өӊірлерге барған оралмандарға ғана көрсетіледі.

Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін олардыӊ жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жарақтандырылатын арнаулы жұмыс орындарын ашу, кәсіпорын қызметкелері саныныӊ орташа көлемінен 2-ден 4 пайызға дейін мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнаулы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердіӊ шығындарын субсидиялау қарастырылған.

Аталған заӊ жобасы көші-қон саясатын елеулі түрде жетілдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді түрде жұмысқа тартуға мүмкіндік береді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны