04.09.2018, 16:00 4652

Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарналардыӊ жалпы сомасы 97 млрд теӊгеге жетті

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МИМС пакеті шеӊберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздіӊ бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Тамыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теӊге көлемінде жарна аударылды.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен 2018 жылдыӊ 31 тамызына дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардыӊ жалпы сомасы 97 млрд теӊгеге жетті.

Оныӊ 88,4 млрд теӊгесі (91% жуығы) жұмыс берушілердіӊ аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теӊге (9% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еӊбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МИМС пакеті шеӊберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздіӊ бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

"Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны