28.05.2009, 14:15 2513

Мейлі тіпті мемлекеттің қатысуымен құрылса да, кез-келген банктің қарызы - егемен қарызға жатпайды - Келімбетов

Мейлі тіпті мемлекеттің қатысуымен құрылса да, кез-келген банктің қарызы - егемен қарызға жатпайды - Келімбетов

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мейлі тіпті мемлекеттің қатысуымен құрылса да, кез-келген банктің қарызы - егемен, дербес қарызға жатпайды. Бұл жайт Лондонда таяуда банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде өткен келіссөздерде "БТА Банк"кредиторларына жан-жақты түсіндірілді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мейлі тіпті мемлекеттің қатысуымен құрылса да, мемлекеттің үлесі басым болса да кез-келген банктің қарызы - егемен қарызға жатпайды. Бұл дегеніңіз, мемлекет бұл банктің қарызы үшін жауап бермейді деген сөз", - деді Қайрат Келімбетов.

Сол себепті оның айтуынша, "егер банк банкроттыққа ұшырап жатса, бұл - осы банктің, оның акционерлерінің, соның ішінде, бәлкім біздің проблемамыз болар, бірақ ол тіпті де мемлекеттің проблемасы емес".

"Осы мәселе жуырда Лондонда өткен кездесуде, Еуропалық қайта құру және даму банкінің жыл сайынғы жиналысы кезінде, осы Лондонда инвесторлармен жекелеген кездесулерде жан-жақты түсіндірілді. Бұл - егемен қарыз емес екендігі айқын айтылды", - деді Қ. Келімбетов.

"Тиісінше, егер ол егемен, дербес қарыз болмаса, егемен кепілдіктер мен егемен қор жасау мәселесі болуы мүмкін бе деген мәселе қойылды. Яғни, мемлекет қарызды қайтаруға қаржы бере ме, жоқ па деген сауал болды. Оған да - жоқ, мемлекет қайтармайды деген айқын жауап берілді", - деді қор басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны